Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханият

Киелі өнердің кіндігі – ауыл

Бұл күндері Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Киелі өнердің кіндігі ауыл» атты фестиваль өтіп жатыр, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Жастар жылына орай ұйымдастырылған  аудандық фестивальге Жуалы ауданына қарасты ауылдық округтер қатысуда.

Тәуелсіздік жылдарындағы ауданның, ауылдың жеткен жетістігі мен тарихи-мәдени ерекшеліктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шара ауылдық мәдениет үйлерінде өтуде. Сондай-ақ, іс-шара аясында ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылуда.

Жалпы, туған жер – киелі орын саналады. Сондай-ақ, ұлттық өнерді де киелі деп жатамыз. «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам – өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз.

Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту мақсатында аталмыш фестиваль ұйымдастырылғаны, шын мәнінде, көңіл қуантарлық жағдай.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» – деп атап өткен болатын. Расында да, мемлекетіміздің басты байлығы, адам капиталының негізгі ұлттық тірегі – руханият дейтін болсақ, ұлт руханиятының басты белгілерінің бірі – рухани құндылықтарымызды қадірлеу, туған жерді сүю арқылы ұлттық кодымызды сақтау.

Міне, осындай маңызды, ауқымды мақсатпен қолға алынған фестиваль аудан жұртшылығының жүрегіне жылулық ұялатып, ерекше сән-салтанатымен есте қалып жатыр. Мұнда салт-дәстүрлер мен бұйымдар паш етіліп, ұлттық өнердің көрінісі тамашалануда. Фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өнер көрсеткендер көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close