Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

«Адал жүрек» жалпыреспубликалық қайырымдылық науқаны аясында «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасының бастамасымен 28 қыркүйек күні құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір сүру салты мен мейірімділікті және парасаттылықты насихаттау, қоғамның көмекке мұқтаж мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық марафоны өтеді.

Сағат 10.00-де Тараз қаласының Достық алаңынан бастап Төле би көшесінің бойымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін 2400 метрге құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер жүгіреді. Әрбір қатысушы марафонның басталуы алдында ерікті түрде қайырымдылық жарнасын төлейді.
Сонымен қатар, марафонға қатыспайтын құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер сол күні сағат 12.00-де Тараз қаласы, әл-Фараби көшесі, 2б мекенжайында орналасқан облыстық Қан орталығында қан тапсырады.
Сіздерді марафонға қатысу арқылы қоғамның көмекке мұқтаж мүшелеріне қаржылық қолдау көрсетуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» – деген халық даналығы бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету – адамгершілік парымыз» деген болатын бір сөзінде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та аз ғана уақыттың ішінде көптеген қайырымдылық істің бастамашысы болғаны белгілі. Міне, осындай ізгі мақсатты көздеген аталмыш іс-шараның мұқтаж азаматтар үшін маңызы зор. Сол себепті де, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарын шет қалмай, үлес қосуға шақырамыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі дейді. Ендеше, бойымыздағы жомарттық, мейірімділік сынды қасиеттерімізді іспен дәлелдеп, сауапты істен құр қалмайық, ағайын!

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close