Басты бетЖаңалықтарӘлеумет

Басты мақсат – патриоттық тәрбие беру

Жақында Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде алғашқы әскери дайындық пәнінің 20-дан аса оқытушысымен үш күндік оқу-әдістемелік семинар өтті. Шараға аудан әкімдігінің білім бөлімімен бірлесе ұйымдастырылып, жалпы білім беру және орта-кәсіптік білім беру мекемелерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты – жалпы білім беру және орта-кәсіптік оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты оқыту әдістемесін жетілдіру, әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы негізгі бағыттарды қарастыру, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтарды құру мәселелерінде мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Шара шеңберінде білім ошақтарында әскери-патриоттық клубтардың қызметінің тиімділігін арттыруға және оларды жергілікті әскери басқару органдарында тіркелуіне ерекше назар аударылды. Жиын барысында семинарға қатысушылармен саптық және дене даярлығын ұйымдастыру, жалпы әскери жарғыларының ережелеріндегі негізгі өзгерістерді жеткізу бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.
– «Патриотизм – бұл ең алдымен, Отанға деген махаббат. Бастапқы әскери дайындық – жастарға Отанды сүю деген, оны қорғауды білдіретінін түсіндіруге мүмкіндік беретін пәндердің бірі болып табылады. Біздің негізгі мақсатымыз – оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу, сабақ барысында алғашқы әскери дайындықты, сауаттылықты үйрету», – деді аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Азамат Сатыбалдиев.

Осылайша, жалпы білім беру және орта-кәсіптік оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты оқыту әдістемесін жетілдіру, әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы негізгі бағыттарды қарастыру, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтарды құру мәселелерінде мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар жоғары деңгейде өтті.

Самат Күнтуов,
Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің жинақтау тобының бастығы, аға лейтенанты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close