Басты бетЖаңалықтарМәдениет

Жуалыда «Жыл маманы-2019» байқауы өтті

Жуырда Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Достық» мәдениет үйінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Жыл маманы-2019» байқауы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Заманауи жетістіктерге лайықты әдіс-тәсілдерімен кітапхана ісін дамытуға қабілетті жас кітапханашыларды тану, олардың қызмет көрсетудегі ұйымдастыру біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау, кітапхана ісін дамытуда жас кітапханашылардың жаңашылдық бастамасына қолдау көрсету мақсатында өткен байқауды аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сауытбек Махамбетов ашты. «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, бүгінгі байқау бұрынғыдан ерекше болып отыр. Себебі, бүгінгі дүбірлі сайысқа жас мамандар қатысып, өзара бақ сынаспақшы» деп сөз бастаған Сауытбек Махамбетов жастарды тек ақпараттық технологияға ғана емес, кітапханаға да тарту мақсатында жұмыс жасау керектігі туралы, ауылдық кітапханаларда ашылып жатқан цифрлық ақпараттық орталықтар жайлы жеткізіп, мұның өзі кітапханашы үшін үлкен жетістік екенін әрі кітапханашылар өлшеусіз еңбек етіп жатқанын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жастар жылына орайластырылған байқау «Кітапханашы – мәртебелі мамандық», «Білікті маман – ел тірегі», «Кәсіп ұраны», «Таныс болайық!», «Өнерлінің өрісі кең», «Ас – адамның арқауы» сынды алты кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен әдіскер Фариза Смаилова – «Көрермен көзайымы», Нұрлыкент ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Бегалиева – «Шығармашыл кітапханашы», Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сандуғаш Дербісәлиева – «Мен өз жұмысымды сүйемін», Қарасаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақкөгершін Темірбаева – «Парасатты кітапханашы» номинацияларымен марапатталса, ІІІ орын мен «Зерделі кітапханашы» номинациясы жас маман Мира Торбаеваға, ІІ орын мен «Өнерлі кітапханашы» аталымы Ғалия Қуанышбековаға беріліп, кітапханашылар Лаура Сейітпуллаева мен Ақбөпе Ембердиева сайыстың Бас жүлдегерлері атанып, облыстық «Жыл маманы» байқауына Лаура Өтегенқызы жолдама алды. Байқау соңында қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close