Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіп

Кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

Жуалы ауданында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың жеті айында ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5329,157 мың теңге болып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 103,1 пайызды құраған. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі облыс әкімі және аудан әкімі арасындағы төрт индикатор, облыс басқармалары мен аудан әкімі арасындағы 15 индикатор, жалпы 19 индикаторлық көрсеткішпен жұмыс атқаруда.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерді несиелендіру бағытында ауданда бүгінде бес шағын микрокредиттік ұйым кәсіпкерлік субъектілеріне несие берумен шұғылданады. Ағымдағы жылдың сегіз айында барлығы 3 198 адамға 1 810,082 млн. теңгенің несиесі берілген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында бөлім мамандары барлық ауылдық округте халықпен кездесулер ұйымдастырып, бағдарламаның ережелері, мақсаттары туралы кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтары басшыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатын несие алу және инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауданның ауылдық округтерінен келіп түскен ұсыныстар қаралып, нақты алты жобамен жұмыстар жүргізілген. Олар «Даму» қорының қолдауына ие болып, 80,4 млн. теңге несиеге қол жеткізген. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кепілдік беру бағыты бойынша бес жоба өтіп, «Даму» қорынан 112,0 млн. теңге несиеге қол жеткізген. Сонымен қатар, Көкбастау ауылдық округінен «С.Тоқтаев» ШҚ-ның мал шаруашылығы фермасына қажетті өндірістік инфрақұрылымдар жүргізу құжаттары аудандық үйлестіру кеңесінің қарауына жолданып, кеңестің оң шешімін алған. Жоба құны 24,3 млн. теңгені құрайды.
«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе ауылдық округі қанатқақты өңір болып белгіленіп, өз жұмысын бастаған. Аталған елді мекенге халықтың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында мемлекеттен 780,0 млн. теңге қаражат бөлінуде.
Ауданда өнеркәсіп өндірісін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында да жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «ҚазГидрооперейтинг» ЖШС Көксай каналының бойынан қуаттылығы 18 Мвт құрайтын кіші су электр станциясының құрылысын жүргізуде. Жоба құны 5,2 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні серіктестік ГЭС-нің төрт каскадын тұрғызу үшін іргетасын бекітіп, бетондау жұмыстарын жүргізуде. Электр станциясының құрылғылары толығымен жеткізіліп, құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Жақында станцияның бірінші каскадын іске қосу межеленуде, толықтай келесі жылы іске қосылмақ.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close