Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда 9 жасар қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды

Тараз қаласында 9 жасар қызға азғындық әрекеттер жасаған 24 жасар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, оқиға 24 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында орын алған. Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде орналасқан көпқабатты үйдің подъезінде белгісіз ер адам мас күйінде 9 жасар қызға күш қолданып, азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған. «Аталған дерек бойынша Тараз қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Қылмысты ашуға полицияның барлық күш-құралдары жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел тергеу тобы құрылды. «Кешенді жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. 24 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады. Ол үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев. Оның айтуынша, аталған бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Анықталғандай, күдікті наркологиялық және психоневрологиялық диспансерде, сондай-ақ «педофил» санаты бойынша есепте тұрмайды. Полиция департаментінің басшысы ата-аналарды мұқият болуға және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жас балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close