Басты бетЖаңалықтарСпортҚоғам

Алматыдан шыққан веломарафон Таразға келді

22 қыркүйекте Алматы қаласынан шыққан веломарафон Таразға жетті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары мен көру қабілеті нашар және мүмкіндігі шектеулі велосипедшілер қатысқан велосапар 4-ші рет өткізіліп отыр. Елімізде салауатты өмір салтын насихаттап, паралимпиадалық спорттың дамуына ықпал етуге бағытталған шара биыл да жалғасын тапты. «Бұл жобаның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан бәрі келетінінін көрсету. Оның бірден-бір жолы – спорт. Спорт арқылы өз-өзінің мүмкіндігін көрсете отырып, жетістіктерге жете алады», – дейді ұйымдастырушылардың бірі Кенжеғұл Социалұлы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close