Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Қазақстанда пойыз билеті 10 пайызға қымбаттады

Қазақстанда 21 қыркүйектен бастап 11 бағдардан басқа пойыздардың билеттері 10 пайызға қымбаттады, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі «Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хатына негізделе, 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқаларының билеттері 10%-ға қымбаттағанын хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Билеті қымбаттамаған бағдарлар мыналар:

 № 085/086 «Нұр-Сұлтан -Сарыағаш»

№ 021/022 «Қызылорда-Семей»

№ 313/314 «Атырау-Маңғыстау»

№ 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»

 № 373/374 «Алматы-Жезқазған»

 № 377/378 «Алматы-Маңғыстау»

 № 603/604 «Нұр-Сұлтан -Арқалық»

 № 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»

№ 021/022 «Алматы-Семей»

 № 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»

№ 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда».

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close