Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шоқпар ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Жуырда Шу ауданы Шоқпар ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуына Шу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев, Шоқпар ауылдық округі әкімі Рашид Шомбаев, Жамбыл облысы ТЖ департаментінің Шу ауданы ТЖ бөлімі мен ӨСБ қызметкерлері, сондай-ақ Шоқпар ауылының тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекетінің командасы өртке ғана емес, сол аймақта болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, сондай-ақ алдын алу жұмыстарымен айналысады. Өрт сөндіру бекетінің жауапкершілік аймағында 20 км радиуста 3 мыңнан астам тұрғыны бар 3 елді мекен, сондай-ақ Шоқпар темір жол станциясы және темір жол көлігінің басқа да объектілері орналасқан.

Жамбыл облысы ТЖД Зілзалалар қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аталған бекет жеті штаттық қызметкермен жасақталған, оның ішінде 4 жүргізуші және 3 өрт сөндіруші бар. Өрт сөндіру бекеті «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы ПЧ ШУ-50 мекемесінің  ғимаратында орналасқан, онда демалу бөлмесі, телефон байланысымен қамтамасыз етілген диспетчерлік бөлме және өрт сөндіру автомобиліне арналған жылы бокс бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close