Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Қарттарым – асыл қазынам

Бүгін Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылындағы Д.Қонаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесу өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткен шараға ауданның Құрметті азаматтары, ұлағатты ұстаздар Әбілқасым Ергебеков, Дүрәлі Аманжол сынды ақсақалдармен қатар өлкетанушы, ақын Дәулетжан Байдалиев қатысты.

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген халық даналығы. Қариясы бар отбасы, расында да, қазыналы, берекелі саналады. «Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген сөз де тегін айтылмаса керек. Себебі, қария ақылшы, жөн сілтеуші, тәрбие беруші ғана емес, сол үйдің берекесін кіргізетін жан. «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен, «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілек айтқан, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Ата-әженің тәрбиесін алған балаға халықтың да ықыласы ерекше болған. Ата-әже мектебінен өткен ұрпақ зерек те ерек болып, бүкіл елдің мақтанышына айналатын. Міне, сондықтан да қазақ үйдің төрін үлкендер үшін сайлап, үлкен кетсе, бақ-дәулет, ырыс кетеді деген. Бұл бұрыннан келе жатқан қазақы тәрбие. Ол жылдар өтсе де, заман өзгерсе де өзгермейтін қағида. Осыны жете түсініп, қарттарын қадірлей білген ұрпағы жер-жерлерде түрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастырып, қарияларына құрмет көрсетуде. Әсіресе, «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» – үлкен кісілерге сый-құрмет көрсету мерекесі десек те болады. Міне, осындай мақсатты көздеген «Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесу Жуалы ауданында да жастардың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Жиынға қатысқан құрметті қонақтар жастарға ақыл-кеңесін айтып, үлгі-өнеге болатын нақыл сөздерімен бөлісті.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close