Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Аудан әкімі ауылдарды аралады

Жуырда Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков Қошқарата ауылдық округінде болып, өңірдегі жаңадан салынып жатқан объектілердің құрылыс барысымен, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысымен, тыныс-тіршілігімен танысып, қысқа әзірлігін пысықтады, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Ақтасты ауылында жаңадан салынып жатқан медициналық пункттің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын көргеннен кейін Нарбай Әбілқасымұлы осы ауылдағы бастауыш мектепте болып, мектеп ұжымының жұмысымен танысты. Сонымен қатар Қызтоған ауылындағы Сәбит Мұқанов атындағы бастауыш мектепті, ауылдық медициналық пунктті аралап, аталған нысандардың жұмыс барысы мен қысқа әзірлігіне қаныққан аудан басшысының жұмыс сапары округ орталығы – Қошқарата ауылында жалғасып, «Дәурен ата» атындағы мешітте, Абай атындағы орта мектепте, «Қошқарата» бөбекжай-балабақшада, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда болды.  
Бұдан кейін ауылдық мәдениет үйінде тұрғындар жиыны өтіп, онда ауылдық округ әкімі Жәнібек Мырзалиевтің есептік баяндамасы тыңдалды. Аудан әкімі Нарбай Ергебеков жиынға қатысушыларды ашық пікір алмасуға шақырып, олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қолға алынған тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруды көздейтін «қарапайып заттар экономикасы» жобасы аясында ауданда атқарылып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, жиылғандардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Осылайша, облыс әкімінің 2019 жылдың 13 наурызындағы №70 өкімімен бекітілген аудан және ауылдық округ әкімдерінің жұмыс алгоритміне сай өткен жұмыс сапары барысында көптеген мекеме мен нысандардың тыныс-тіршілігімен, қыс маусымына әзірлігімен танысқан аудан әкімі Нарбай Ергебеков ауылдық округ әкімінің есептік баяндамасынан кейін жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдап, жиынды қорытындылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close