Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

30 қыркүйекте Жуалы ауданы Шақпақата ауылындағы №4 Балалар өнер мектебінің мәжіліс залында Қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында кеш өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Шақпақ ауылдық округінің әкімі М.Бектұрғанов, Жуалы ауданы мәслихатының депутаты Н.Тыныбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Абишев пен еңбек ардагерлері қатысқан салтанатты кеш жоғары деңгейде өтті. Алдымен ауылдық округ әкімі құттықтау сөз сөйлеп, қарттарымыздың жас ұрпақ тәрбиесіне сіңірер еңбегі оразан зор екенін айта келе, «Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттарымыз елдің, әр аймақтың дамуына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып, қалтқысыз еңбек етті. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарлар дайындады. Еліміздің бейбіт те тыныш өмір кешуіне өз үлесін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Бүгінде сол еңбектерінің зейнетін көріп, ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетуде. Олардың өмір жолы бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына болары сөзсіз» деп, барша қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Н.Тыныбеков, И.Абишев пен П.Бердімбетов сөз сөйлеп, ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, қарттарға мықты денсаулық, қажымас қайрат, күш-қуат тіледі. Осылайша, өздеріне арнап жайылған мерекелік дастарқан басында бас қосқан құрметті қонақтар мен ауыл қариялары ізгі тілек, әсем ән мен тәтті күй тыңдап, мерекелік көңіл күйге бөленді. Бұл күні кеш қонақтарының алдында Майра Шәкірбаева бастаған №4 Балалар өнер мектебінің өнерпаздары өнер көрсетті. Іс-шара соңында ауылдық округ әкімі М.Бектұрғанов ауылға еңбегі сіңген кіслерді аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Алғыс хатымен» марапаттады. Ал ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын айтып, естелік суретке түсті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close