Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда көпбалалы аналарға арналған 8 жатақхананың құрылысы жүріп жатыр

Тараз қаласында 17 643 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ал шаһарда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 181,5 мың шаршы метрді құрады. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша алынған ақпаратқа сүйене отырып хабарлайды.

Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта республикалық бюджет есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үйдің және облыстық бюджет есебінен 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы 15-ші мөлтек ауданда 80-пәтерлі 10 несиеге берілетін  тұрғын үй пайдалануға берілді.  Сондай-ақ, аталған алқапта, жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60-пәтерлі 11 кредиттік үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, тағы да 80 пәтерлі 11 арендалық тұрғын үйдің құрылысын бастауға қалалық бюджеттен 22,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, кезекте тұрған көпбалалы аналарға арналған «Арай» тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатақхананың құрылысын облыстық бюджет есебінен қаржыландырып, ағымды жылы пайдалануға беру көзделуде.

          Келесі кезеңге 80 пәтерлі 23 тұрғын үйдің құрылысын 2020-2021 жылдары жүргізу жоспарлануда. Жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 555 жер телімінде жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылысын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Оның 255-іне 4 мердігер келісімшартқа тұрды. Олар: «КСС контракшин» ЖШС – 5; «РемСтрой СС» ЖШС – 150; «Сырым Білеке» ЖШС – 50; «Дәмдес» ЖШС – 50. Қазіргі таңда 14 үйдің құрылыстары аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталған. Бұдан бөлек, қосымша 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді сату мақсатында 2006 жылы жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аяқталуда. Осы жұмыстар кезең-кезеңімен өз жалғасын табатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close