Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда сатушысы жоқ дүкен ашылды

«Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында Тараз қаласындағы «Тараз -Арена» спорт кешенінде сатушысыз «Integrity Shop» адалдық дүкені ашылды.

Мұнда, әрбір спорт кешеніне келген азамат өзіне қажетті сомаға тауар алып, кассалық аппараттарды алмастыратын арнайы қорапқа алған заттың бағасына сәйкес ақшасын қалдырады.
Осындай тәжірибені енгізу – облыстағы жастардың бойында оңтайлы моральдық қасиеттерді нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Бұл факторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің қалыптасуына да тікелей әсер етеді және қоғамда біртіндеп сенім ахуалын құруға және азаматтарға өздерін адал адам ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close