Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Қарттарға құрмет көрсетілді

Жуырда Тараздағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз сөйлеп, қарияларды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Қадірменді қариялар, қымбатты ардагерлер! Облыс әкімі атынан сіздерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бүгін бүкіл әлемде 1991 жылы қабылданған ЮНЕСКО шешімімен осындай мереке ретінде аталып өтуде. Жамбыл облысы бойынша 120 мыңнан астам ардагер бар. Оның ішінде ҰОС ардагері – 67. Ата-бабамыздан қалған үлкенді сыйлап, жол беріп, сіздерді ең қиын уақытта атқарған жұмыстарыңызды бағалай отырып, сіздердің облыстың әлеуметтік даму қорына қосқан үлестеріңіздің жақсы білеміз. Бәріңізге денсаулық тілеп, бала-шаға қызығына тоймай, әрдайым осындай мерекеде бас қосуымызға тілектеспін. Мерекелеріңізбен! –деді Бекболат Серікбекұлы.

Сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен жиында мерекеге орай облыстың бірнеше азаматы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Ал «Ғұмыр-дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов «Қазақ журналистикасының қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ салтанатты жиын барысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген сөз сөйлеп, қарияларды мерекелерімен құттықтап, өздерінің жылы лебізі мен тілегін білдірді. Бұл күні, сондай-ақ ақ дастарқан жайылып, ән шырқалып, би биленді. Осылайша, мерекелік кездесу барысында жиналған қарияларға ерекше құрмет көрсетілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close