Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 72 250 адам жер кезегінде тұр

Таразда 72 250 азамат жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған жер телімдерінің кезегінде тұр. Бұл азаматтарға алдағы уақытта жер беру үшін 4 алаң дайындалуда, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

          Олар, Асқаров көшесінің соңында «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар, бұл жерде кезекте тұрған барлығы 3752 азаматты жермен қамту жоспарлануда. Алқаптарда инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары қала бюджетінен іске асырылуда.

          Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңда бөлінген 1232 жер телімін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады.

          Жалпы, Тараз қаласының 2025 жылға арналған дамуының бас жоспары 2010 жылы бекітілген. Бүгінгі күнге, бас жоспардағы қайта жаңғыртылатын аумақтар 55,7%-ға егжей-тегжейлі жоспарлаумен қамтылған. Болашақта бас жоспарды толық орындау мақсатында жалпы 7 072 гектар көлемін  егжей-тегжейлі жоспармен қамту қажет. Осы жұмыстар үш кезеңге бөлініп, үстіміздегі жылы 2 960 гектар аумақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтылатын болады. 2018 жылы алғашқы кезеңдерге құрылыс жұмыстарын жобалау мақсатында қала орталығының 102 гектарына, «Тектұрмас» тарихи-мемориалдық кешенінің 59 гектарына, «Арай» тұрғын алқабының 241 гектарына және «Көлтоған», «Жиделі», «Қарасай», «Қызыл-Абад» тұрғын алқаптарының 556 гектарына, жалпы 958 гектарына егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленген. 

          Қаладағы өзекті мәселелердің бірі «Құмшағал», «Шөлдала» тұрғын алқаптарының аумағында орналасқан 28 саяжайға «тұрғын алқап» мәртебесін беру мақсатында барлығы 1028 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіліп, саяжай тұрғындары жер бөліміне өтініштерін беруде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close