Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Ветеринария саласында серпін бар

Тараз қаласында ветеринария саласында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысына сүйенсек, 4250 мүйізді ірі қара, 6800 уақ,  950 шошқа,  600 жылқы, 22500  ит, 2200 мысық және 31000 үй құсы тіркеуге алынып, оларға  эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізу үшін бюджеттен 32,0 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңде 21,0 млн. теңгесі игеріліп, бұл қаражатқа жануарларды қауіпті ауруларға қарсы вакциналау және диагностикалық жұмыстарға керекті вакциналар алынып, жұмыстар жүргізілуде.

          Қазіргі уақытта сібір жарасы ауруына қарсы 3300 мүйізді ірі қараға, 5000 уақ малға, 400 жылқыға, 800 шошқаға, аусыл ауруына қарсы 4700 мүйізді ірі қараға, 9000 уақ малға, 1000 шошқаға, лептоспироз ауруына қарсы 200 шошқаға, қарасан ауруына қарсы 2000 мүйізді ірі қараға, туберкулез ауруына қарсы 5000 мүйізді ірі қараға, 500 шошқаға, маңқа ауруына қарсы 200 жылқыға, оба ауруына қарсы 3000 уақ малға, күл ауруына қарсы 6300 уақ малға, сүйел ауруына қарсы 1000 уақ малға, эхинококкоз ауруына қарсы 49000 итке, құтыру ауруына қарсы 17000 итке, 1900 мысыққа және тейлериоз ауруына қарсы 2000 мүйізді ірі қараға егілді.

          2019 жылға егеуқұйрықтарды жою жұмыстарына 11,7 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда Тараз қаласы аумағындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен қоқыс тастайтын контейнерлерге  дератизациялау жұмыстары жүргізілуде.

          2019 жылға қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстап, жоюға жергілікті бюджеттен 20,4 млн. теңге бөлінсе, есепті кезеңде 16,3 млн. теңгесі игеріліп,  7571 қаңғыбас ит пен мысық ұсталып, жойылды.

          «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын алу мақсатында қажетті препараттарды алу үшін қалалық бюджеттен 7,3 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын алу мақсатында қажетті препараттар алынып, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Залалсыздандыру жұмыстарының I-ші кезеңінде ауылшаруашылық малдарына, оның ішінде 565 мүйізді ірі қараға, 243 жылқыға, 1215 итке, 3097 ұсақ малға, 4309 аула, жалпы көлемі 1 млн. 97,8 мың шаршы метр қора-жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close