Басты бетЖаңалықтарСпорт

Таразда «Жас БАРЫС» облыстық турниріне іріктеу жарысы өтті

3 қазанда Тараз қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Тараз – Арена» спорт сарайында қазақ күресінен «Жас БАРЫС» облыстық турниріне Тараз қаласының іріктеу жарысы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

145-тен астам адам қатысқан жарыста ептілігімен, білектің күшімен суырылып алға шыққан спортшылар жеңімпаз атанып, арнайы марапатқа ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы сыйлықтырымен, медальдарымен, дипломдарымен және жалпы командалық кубоктармен марапатталды.
3 жас ерекшелігі бойынша 24 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар ағымдағы жылдың қазан айының соңында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының спорт кешенінде өтетін «Жас БАРЫС» облыстық іріктеу турниріне қатысатын болады.

Жалпы, халық арасында бұқаралық спортты дамытып, кеңінен насихаттау үшін және спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында өтетін осындай жарыстардың орны бөлек. Себебі, балалар мен жастарды спортқа баулу – ұлт денсаулығының кепілі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Спортпен айналысу арқылы адамның бүкіл ғұмырына қажетті жеңіске деген ерік-жігер, мықтылық, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылыс сынды маңызды сапалар дамиды», – деген болатын. Ал ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында жас ерекшеліктеріне қарамастан, бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамыту қажет екендігін баса айтты. Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керектігін мәлімдеген болатын. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек», – деді Президент.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close