Басты бетЖаңалықтарСпортЭкономика

Таразда қала халқының 29,6 пайызы спортпен шұғылданады

Қазіргі таңда Тараз қаласында 106 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл – қала тұрғындарының 29,6 пайызы. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 21 912 адам, 14-29 жас аралығындағы жастар – 48 254 адам, 29 жастан жоғары ересектер арасында – 35 120 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Қалада 515 спорт нысаны жұмыс істейді, оның 450-і мемлекеттік және 65-і жекеменшік. Қалада  спорт саласын дамыту мақсатында 2019 жылы спорт алаңшаларын қайта құру, қалпына келтіру және құрылысы бойынша жол картасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы іске асырылатын 86 алаңша. Олар:

– Бюджет қаржаты есебінен – 64 алаңша. Оның ішінде: «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы Жауғаш батыр көшесі және Дорожник тұрғын алқабындағы жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшалары, 1 «Street Workout» алаңшасы «Қарасу» мөлтек ауданы «Балауса» аула клубының маңында  және 3 бірлік «Street Workout» (Қарасу мөлтек ауданында, Сатпаев көшесі, 64 үйде, Тастақ, Жанболат көшесінде 2018 жылдан өтпелі) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 25 спорттық алаңшаларға (1 әмбебап және 24 футбол алаңшаларына) қалалық бюджеттен 47,3 млн. теңге бөлінген.

– Демеушілер есебінен – 7 алаңша. Оның ішінде: «Самұрық қазына трафт» корпорациялық қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Аса» мөлтек ауданында  кіші футбол алаңшасына жер белгіленген, жұмыстар жүргізілетін болады.

– Жекеменшік – 9 алаңша. Оның ішінде «Dostyk-life» 1 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Бұдан басқа өткен жылы қалалық тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы алаңшаларды соққан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өз қаражаты есебінен 6 алаңшаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ал қала тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары бойынша ағымдағы жылы 96 бұқаралық спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізілген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close