Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Асқар Мырзахметов қоғам белсенділерімен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жергілікті қоғам белсенділерімен кездесті. «Балқарағай» фито-барында өткен жүздесу еркін форматта өрбіді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Асқар Исабекұлы жиналғандарды жұмыла жұмыс жасап, білек түре тер төгуге шақырды. Сонда ғана қоғамдағы күрмеулі мәселелерді оңынан тарқатуға мүмкіндік туатынына тоқталды.

Шынайы белсенді, халық жанашырлары болса, жергілікті биліктің бірлесе жұмыс жүргізуге дайын екендігін айтқан аймақ басшысы «Азаматтық бақылау» алаңын құрып, алаңдатарлық жайттарды шешуге жабыла атсалысу керектігіне назар аудартты.

Аталмыш алаңға топтасқан қоғам белсенділері әлеуметтің ахуалына барлап, оған тиісті деңгейде көңіл бөлу, жауапты тұлғаларды тарту жолында әрекет етпек.

Жиналғандар түрлі деңгейдегі өзекті жайттарды көтеріп, осылай ашық форматта дидарласудың маңыздылығын жеткізіп, орамды ойларын ортаға салды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close