Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

10-17 қазан аралығында Жамбыл облысының Полиция департаменті «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша ұйымдастырылған профилактикалық іс-шара жол-көлік оқиғаларын азайту, автокөлік жолдарында жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолдағы тәртіпті арттыру мақсатында өткізіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close