Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жанашырлыққа жан риза

Қайырымдылық, мұқтаж адамдарға қол ұшын беріп, қамқорлық көрсету – халқы­мыз­дың қанында бар ізгі қасиеттердің бірі. Ал «Жанашырлыққа жан риза» дегендей,  қамқорлыққа мұқтаж адамдарға жылу беріп, қамқоршысы болып, сауабы мол іске ат салысу әр адамның азаматтық парызы. Міне, осындай ізгі мақсатты көздеген игі шара жуырда Тараздағы №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында №51 Бәйтерек Бастауыш партия ұйымының қолдауымен, қызметкерлер мен Орталық тұрғындарының ұйымдастыруымен «Жанашырлыққа жан риза» тақырыбында өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Мүгедектер күніне орай өткен мерекелік іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Оспанов Жанаділ Ағаділұлы қатысып, сөз сөйлеп, қызмет алушыларға деген өзінің ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, мерекелік кеш барысында қайырымдылық көмек көрсеткен демеушілер «Каимов», «Беккулова», «Жұматаев» шаруа қожалықтары мен «Тараз VIP сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталық тұрғындарына арнайы әкелген сыйлықтарын табыстап, қошемет пен ризашылыққа бөленді. Сондай-ақ, жиынға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жалпы, қамқорлыққа алынған жандардың жанашыр қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы екендігін, сонымен қоса адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту қажеттігін насихаттау мақсатында өткен мерекелік іс-шара барысында орталық тұрғындары мен көркем өнерпаздар «Іздеймін», «Бала махаббат», «Золотой», «Бір түрлі қыз», «Звезда», «1001 түн», «Скучаю» сынды әндері мен «Көңіл ашар», «Вальс» билерін тарту етті. Әуезді әңдері мен мың бұралған бишілердің өнерін қонақтар мен қатысушылар барынша қызығушылықпен тамашалап, ерекше әсерге бөленді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close