Басты бетЭкономикаҚоғамӘлеумет

Жұмыссыздықпен күрес жүйелі жүргізіліп келеді

Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыспен қамту шаралары Таразда да сәтті жүзеге асуда.

Мәселен, жыл басынан бері 3875 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылса, оның ішінде 1727 адам мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға, 31 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 323 адам жастар тәжірибесі бойынша, 709 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 905 адам қысқа мерзімді кәсіптік курстарға, 9 адам шағын несие беру бойынша және 171 адам инфрақұрылымдық жобалар бойынша орналасқан. Осы жұмыспен қамтылғандардың ішінде 1727 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.

          Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Таразда жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ды, ең төменгі күн көріс деңгейі 27 840 теңгені, орташа номиналды айлық жалақы 131 458 теңгені құрады.

          4615 адам уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға өтініш білдірсе, оның 2961-і жұмыспен қамтылды. Жалпы 2019 жылға қоғамдық жұмыстарға 630 адам жолданады деп жоспарланған. Осы жылы қоғамдық жұмысшылардың жалақысы 56350-63750 теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 709 азамат қатыстырылды. Жалпы, бүгінгі күнге зейнеткерлер саны 45 898 адамды құраса, мүгедектердің саны 16 330. Оның ішінде I-топ – 1473, II-топ – 6675, III-топ – 5523 және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 2659 адамды құрайды.

          2019 жылы  мүмкіндігі шектеулі 75 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, қаңтар-тамыз  айларында 176 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде: ақылы қоғамдық жұмыстармен – 37 адам, жастар тәжірибесімен – 12 адам, 76 адам тұрақты  жұмыспен және қысқа мерзімді оқумен – 51 адам қамтылды. 2019 жылға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 217,6 миллион теңге қарастырылып, 1571 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, ағымдағы жылдың 8 айында 1305 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның І-ші бағыты «Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер және дағдылар» қысқа мерзімді кәсіптік оқу тетігі бойынша 960 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда сұранысқа ие 30 мамандық бойынша 987 адамның тізімі жинақталып, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 517 адам жолданды. Ал, ІІ-бағыт бойынша 2019 жылға республикалық бюджеттен шағын несиелендіруге 801,0 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күні 9 азаматқа 113,9 миллион теңгенің шағын несиесі берілді. Бағдарламаның III-бағыты бойынша жастар тәжірибесіне 200 жас түлекті тарту жоспарланған, айлық жалақылары 63,1 мың теңге, жыл басынан бүгінгі күнге дейін 323 жас маман жолданды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орнына 25 адамды жіберу жоспарланса, ағымдағы жылдың басынан 31 адам жолданды. Осылайша, жұмыспен қамту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып, оңды өзгерістер байқалуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close