Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жалпыхалықтық сенбілікке тараздықтар да үлес қосты

Бүгін республика бойынша жарияланған жалпыхалықтық көгалдандыруға бағытталған сенбілікке тараздықтар да атсалысты.  Республикалық ағаш отырғызу акциясына Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевпен бірге бөлім, мекеме басшылары мен қарапайым қала тұрғындары белсене қатысты.

Сонымен қатар, аталған акцияға ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық бөлімдердің қызметкерлері, барлығы 8000-ға жуық адам қатысып, 4000 қарағаш, 200 түп қарағай отырғызылды. Ағаш отырғызу үшін «Жеңіс» саябағы, Ниетқалиев көшесінің бойындағы сквер, «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу» аллеясы, Әуежай маңы таңдалды. Жасыл желектерді жеткізуді, қажетті құралдар мен арық жүйелерін дайындауды, су тасымалдайтын машиналарды «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қамтамасыз етті. Жалпы қала бойынша екіайлық санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы барысында 10000-нан аса тал-дарақтар отырғызылады деп жоспарланған.

Жалпы, бүгін облыс бойынша барлығы 18466 адам 18880 көшет отырғызды. Оның ішінде, қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлері бар. Сенбілік өңірдегі 98 елдімекенді қамтыды. Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара облысымыздың барлық аудандарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған облыс басшысы бастаған барлық орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, ардагарлер кеңесі және өзге де ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері белсене қатысты.

Бүгін, сондай-ақ, Тараз қаласы бойынша екіайлық санитарлық тазалық және абаттандыру жөніндегі кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Барлық облыстық және қалалық мекемелер, кәсіпорындар өздеріне бекітілген көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке барлығы 6850 адам қатысып, 125 тонна күл-қоқыс шығарылды. Арнайы 14 көлік жұмылдырылып, ұзындығы 56,3 шақырым болатын арық жүйесі тазартылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close