Басты бетЭкономикаҚоғам

Инфрақұрылымдар – дамудың маңызды бөлшегі

Қазақстан Республикасы Ата Заңда өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялағаны тектен-тек емес. Өйткені, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың әрбір іс-қимылының халықтың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасы мен тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталғанын аңғару қиын емес. Мемлекеттік саясаттың темірқазығына айналған бұл қағида Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да айқын көрініс тапқан.
Жылдың басты құжатының бесінші «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бөлімінде халыққа жайлы тұрмыстық орта құруға бағытталған инфрақұрылымдарды дамыту мәселесі қозғалған. «Еліміздің әр аймағы тұрғындарының таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейі бірдей емес екені белгілі. Алдағы үш жылдың ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді. Атқарушы билік органдары «Нұрлы жол» бағдарламасын толық және сапалы іске асыруға баса мән беру керек» делінген.
Елімізде, соның ішінде өңірімізде соңғы жылдары «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, басқа да мемлекеттік салалық және өңірлік бағдарламалар іске асырылып келеді. Біз осы ретте аталған бағдарламалардың өңірде орындалу барысы, жөнделіп және салынып жатқан құрылыс объектілеріндегі жұмыстың жай-жапсары туралы аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағыдан сұраған едік.

– Асхат Базарбайұлы, жиындарда тұрғындар тарапынан елді мекендерді таза ауыз сумен қамту туралы көптеген сұрақтар қойылатыны белгілі. Бұл бағытта қандай шаралар атқарылуда?
Бүгінде аудандағы 49 елді мекеннің 14-інде ғана орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар. Осылайша, өңірде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған ауылдар барлық елді мекендердің үштен бірін ғана құрап отыр. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар қолға алынуда.
Дәл қазір Қарасаз ауылында су жүйесінің құрылысы жүруде. Оған республикалық бюджеттен 2019 жылға тиісті қаржы бөлінді. Сметалық құны – 616,29 млн. теңге. Мердігер «КДСМ» ЖШС жұмыстарды мамыр айының алғашқы жартысында бастап, су жинау ғимаратының орнын дайындау және жол бойында су құбыры желісін тарту жұмыстарын жүргізіп, 265 693,0 мың теңге қаржысы игерілді. Құрылыс жұмыстары бүгінгі таңға 70 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстары өз деңгейінде жүруде.
Бірқатар ауылдарда ауыз су құбырлары құрылысына ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Мәселен, Шақпақ ауылдық округіндегі Тәттібай Дүйсебайұлы, Боралдай ауылдық округіндегі Ертай ауылдарының ауыз су құбырлары желісінің құрылысының ЖСҚ-на мемлекеттік кешенді сараптама қорытындысы алынды.
Өкінішке орай, кейбір ауылдардағы ауыз су құбырлары құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар уақтылы дайындалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылғанымен, сараптама жүргізетін мердігер ұйымдардың салғырттығынан құжаттамалар epsd.kz порталына салынбай отыр. Мәселен, «Сатурн Люкс» ЖШС Жетітөбе ауылдық округінің Қоңыртөбе ауылындағы ауыз су құбырлары құрылысына ЖСҚ-ны өткен жылдың шілде айында бастап, қыркүйек айында аяқтаған. Алайда, сараптаушы мердігер осы күнге дейін құжаттамаларды порталға салмаған. Сонымен қатар, Қызыларық ауылдық округінің Ақтөбе ауылындағы ауыз су құбырының сараптаушы мердігері «Лидер Проект Дизайн» ЖШС де құжаттамаларды әлі күнге дейін epsd.kz порталына салуға асығар емес.
Боралдай ауылдық округінің Рысбек батыр, Жетітөбе ауылдық округінің Кәріқорған, Тасбастау, Ақтөбе ауылдық округінің Жаңаталап, Ақтоған, Бәйтерек ауылдарының ауыз су құбырларына ЖСҚ-ның тағдыры да дәл осындай. Оны «Сыр Жоба» ЖШС өткен жылдың желтоқсан айында аяқтаған. Ашық конкурс нәтижесінде сараптаушы мердігер болып анықталған «СтройПродуктив» ЖШС құжаттаманы белгісіз себептермен порталға ұсынбауда. Бүгінде барлық аталған сараптаушы мердігерлердің істері экономикалық сотқа берілді.
– Әлеуметтік-мәдени объектілердегі құрылыс жұмыстары барысы қалай?
– Қоңыртөбе ауылындағы Д.Пахомов орта мектебіне қосымша спортзал (6 оқу бөлмелерімен бірге) құрылысына «Тараз-Аркон» ЖШС арқылы ЖСҚ дайындалып, 2019 ж. 5 ақпанында № ЭPRO-0036/19 қорытындысы алынды. Сметалық құны 198 496 мың теңге. Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Алатау ауылындағы 80 орындық мектебінің (289,8 млн. тг) сметалық құны қайта есептеліп, сараптамадан өткізу үшін ашық конкурс жарияланып, «Аrchitects экспертиза.kz» ЖШС арқылы сараптама қорытындысы 2019 жылдың қазан айында алу жоспарланған, алайда жобалаушы мердігер уақытында epsd.kz порталына құжаттамаларды салмай отыр, ісі экономикалық сотқа берілді.
300 орындық Диқан ОМ құрылысының (946,3 млн. тг) ЖСҚ дайындалып, кешенді сараптамадан өткізу жұмыстарын «СтройПродуктив» ЖШС ұтып алды, бірақ, облыстық білім басқармасының қорытындысына теріс сараптама қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда жобалаушы мекеме өз қаражаты есебінен жоба-сметалық құжаттаманы сараптамаға қайта ұсынуда.
Сонымен қатар, Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылындағы мәдениет үйі құрылысын жобалау үшін 2019 ж. 31 мамырда «ЛидерПроектДизайн» ЖШС-мен 1 198,4 мың теңгеге шарт жасалған. Жобалау жұмыстары толық аяқталды.
Бауыржан Момышұлы ауылындағы мәдениет үйіне жапсарлас құрылыс жүргізу жобасын дайындау үшін «Болашақ ЮгКонсалтинг» ЖШС-мен 2019 жылдың 24 маусымында 1198,4 мың теңгені құрайтын шарт жасалып, жобалау жұмыстары толық аяқталған.
Спорт және денешынықтыру саласында Жетітөбе ауылдық округінің Кәріқорған ауылындағы және Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылындағы спорт объектілерін қайта жарақтандыру жұмыстарына ЖСҚ әзірленді. Үстіміздегі жылдың ақпан айында сараптама үшін ашық конкурс жарияланды. Сәуір айында жеңімпаз анықталып, сараптамаға ұсынылу керек болатын. Алайда жобалаушы мердігер «Диана-Л» ЖШС құжаттамаларды бүгінгі күнге дейін epsd.kz порталына салмай отыр, экономикалық сотқа талап арыз берілді.
Сонымен қатар, 2019 жылға Бауыржан Момышұлы ауылындағы спорт кешенінің ЖСҚ әзірлеуге 3 400,0 мың теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде мемлекеттік ашық конкурс жарияланып, «Тараз-Технопроект» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, 2019 жылдың 6 маусымында 2 890,0 мың теңгеге шарт рәсімделіп, бүгінгі таңда 2494,0 мың теңге игерілді. Жобалау жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік сараптамадан өткізуге хат жолданды.
Ветеринария саласында Жетітөбе ауылдық округінің Кәріқорған ауылындағы мал сою алаңын электрмен жабдықтауға ЖСҚ әзірленді. Сараптамаға ашық конкурс жарияланып нәтижесінде «Экспертиза ПРО» ЖШС сараптамаға ұсынылады. Жобалаушы мердігер «ЛидерПректДизайн» ЖШС бүгінгі күнге дейін epsd.kz парталына құжаттамаларды салмай отыр, экономикалық сотқа талап арыз берілді.
Егжей-тегжейлі жоспарлау әзірлеу бойынша 2019 жылға аудандық бюджеттен 26 314,0 мың теңге қаржы бөлінді. Олар – Бауыржан Момышұлы ауылының кезекшілік жоспарын, ақпараттық ресурстарын жинақтау және өндеу (жер асты және жер үсті коммуникацияларын елді мекендерде 1:500 масштабты кадастрлық жоспарды құрастыру мен түгендеу 10 114,0 мың теңгеге 24.01.2019 ж ҚР мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығымен № 5 келісім шартқа және 2019 жылдың 13 мамырында 10 049,6 мың теңгеге №1 қосымша келісім-шарт рәсімделіп, жұмыстары аяқталды.
Көкбастау ауылдық округінің Теріс және Қосбөлтек ауылдарындағы 15 га тұрғын алаптарына егжей-тегжей жоспарын әзірлеуге ашық конкурс сәуір айында жарияланып, нәтижесінде Алматы қаласының жобалаушы мекемесі «Урбостиль» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.
Инфрақұрылым объектілерінің құрылыс жұмыстары бойынша Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын алабына (электр қуатымен, газбен, сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдары) инфрақұрылым объектілері құрылысы (сметалық құны – 612 000,0 мың теңге) бойынша облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде «Талас-Құрылыс» ЖШС жеңімпаз болып анықталған. Қазіргі таңда аталған тұрғын алапқа электр желісі, газ, су құбырлары толық тартылған, тек автомобиль жолдарының (қиыршықты тас) құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңға жалпы 387273,1 мың теңгесі игерілді (2019 жылға – 206900,1 мың теңге). Құрылыс жұмыстары аяқталды, құжаттамалары қабылдап алынуда.
Одан бөлек, «Теріс» тұрғын алабы 33709,0 мың, «Қосбөлтек» тұрғын алабы 26398,0 мың, «Нұрлыкент» тұрғын алабы 34240,0 мың теңгені құрайтын құрылыс-монтаж жұмыстарын ашық конкурс нәтижесімен «ЕрК Астана» ЖШС жеңімпаз болып табылып, құрылыс жұмыстары мамыр айының екінші жартысында басталып, жалпы 71015,2 мың теңгенің қаржысы игерілді. Шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі шілде айының ортасында аяқтау көзделген, мердігер ұйымға мерзімі өткен әр күнге 0,1 пайыз айыппұл жүріп, құрылыс жұмыстары тамыз айының орта шенінде толық аяқталды. Алайда, ол құжаттамаларды толық ұсынбай отыр, экономикалық сотқа талап арыз берілді.
Билікөл ауылдық округінің Қарабастау ауылындағы Қ.Қошмамбетов мектебіне қосымша спортзал (қазандығымен бірге) құрылысы (135 839,0 мың теңге) мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсының нәтижесіне сәйкес «Тараз Құрылыс-Инвест» ЖШС-гі жеңімпаз болып белгіленді. Жұмыстар мамыр айының екінші жартысында басталып, бүгінгі күнге 67527,0 мың теңге қаржысы игерілді, шартқа сәйкес қазан айында аяқтауы қажет. Қазіргі таңда нысанда 25 адам жұмыс атқаруына байланысты, жұмыстары қарқын алды.
Денсаулық сақтау саласында үстіміздегі жылы ауданның сегіз елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, «АКМ груп кз» ЖШС жүргізіп жатқан бес объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары құрылыс күнтізбесіне сәйкес мерзімінде орындалуда. Мәселен, Қарасаз ауылдық округінің Қарасу ауылындағы, Көкбастау ауылдық округінің Қосбөлтек ауылындағы, Қошқарата ауылдық округінің Ақтасты ауылындағы, Жетітөбе ауылдық округінің Майбұлақ ауылындағы медициналық пункттердің, сондай-ақ, Шақпақ ауылдық округінің Тәттібай Дүйсебайұлы ауылындағы фельшерлік пункттің төбесінің жабыны жабылып, сыртқы шағын сәулет нысандары орнатылып, ішкі ақырғы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
«Түркістан Құрылыс» ЖШС Қызыларық ауылдық округінің Теріс-Ащыбұлақ, Жетітөбе ауылдық округінің Кәріқорған, Күреңбел ауылдық округінің Қаратас ауылдарындағы медициналық пункттердің құрылысын жүргізуде. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары алдыңғы мердігерге қарағанда баяу жүруде.
Ауданда 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларына орындалуы күтілген индикаторлар – жалпы құрылыс көлемінің нақты орындау көрсеткіші 2 764,0 млн. теңге болатын, индикатор орындалды. Пайдалануға қабылданған тұрғын үй құрылысы нақты орындау көрсеткіші – 7550 шаршы метр болып, өткен жылғы 6 310 шаршы метр көрсеткішімен салыстырғанда 119,0% артық көрсеткішіне жетіп отыр.
– Халықтың арасында өңірде салынып жатқан жолдардың сапасы туралы да айтылып жүрген сындар аз емес. Бұл жөнінде не дейсіз?
– Биылғы жылы аудандағы барлығы 10,89 шақырым ауылішілік жолдарды орта жөндеуден өткізуге қаралған 170 030,8 мың теңге қаражат толығымен игерілді. Боралдай ауылдық округінің Ертай ауылындағы 0,9 шақырым Лесбек Көпбаев көшесін орта жөндеу жұмыстарына қаралған 11 144,80 мың теңге көлеміне мердігер «Алматы ТехПромСтрой» ЖШС жұмыстарды толығымен аяқтаған.
Бауыржан Момышұлы ауылындағы Жанқожа батыр, Бейбітшілік көшелерін орта жөндеуіне бөлінген қаржы толығымен игерілді. Мердігер «НұрАбдрахман жолдары» ЖШС жұмыстарды сәуір айында бастады. Анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылып, жұмыстар толық көлемде орындалды.
Одан бөлек, Ақсай ауылдық округінің Диқан ауылындағы Ы.Байділда және Билікөл ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы Жылыбұлақ көшелерінің автомобиль жолдарының орта жөндеуіне бөлінген қаржы да толықтай игерілді. Мердігер «Жамбыл ДорСтрой-Сервис» ЖШС жұмыстарды сәуір-мамыр айларында бастады. Бүгінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен орындалды. Алайда, жол жиегіне төселген құм шағал тастардың фракциясы нормадан өте жоғары, бетіне фракциясы 1 см жоғары емес құмшағал төсеу қажет екені анықталып, кемшіліктер толығымен жойылды.
Қарасаз ауылдық округінің Көктас ауылындағы Достық көшесінің 1,320 шақырым автомобиль жолының орта жөндеуіне бөлінген 17 631,0 мың теңге қаржы толықтай игерілді. Мердігер «Жандос және К» ЖШС жұмыстарды сәуір айында бастады. Бүгінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен орындалды.
Көкбастау ауылдық округінің Қосбөлтек ауылындағы О.Жапарқұл көшесінің 2 шақырым автомобиль жолының орта жөндеуі бойынша келісім-шарт сомасы 30 240,0 мың теңге. Игерілген қаржы 66,1% құрайды. Мердігер «ЖамбылДорСтрой-Сервис» ЖШС жұмыстарды сәуірде бастады. Бүгінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен атқарылды. Алайда, жол жиегі толық орындалмаған. Жол жиегіне төселген құм шағал тастардың фракциясы нормадан өте жоғары, бетіне фракциясы 1 см жоғары емес, құмшағал төсеу қажет екендігі анықталып, жол келесі жылға өтпелі болғандықтан, мердігер сол мерзімге дейін орындалатынын хабарлады.
Мыңбұлақ ауылдық округінің Талапты ауылындағы Б.Момышұлы көшесінің 0,980 шақырым автомобиль жолының орта жөндеуіне бөлінген 14 968,6 мың теңге қаржы толықтай игерілді. Мердігер «Рауан» ЖШС жұмыстарды мамыр айының аяғында бастап, бүгінде жұмыстар толығымен атқарылды. Сонымен қатар үш дана жол белгілері орнатылды.
Жетітөбе ауылдық округінің Кәріқорған ауылындағы М.Қожаназаров көшесінің 2,4 шақырым автомобиль жолының орта жөндеу жұмыстарына 27 350,0 мың теңге бөлінген. Мердігер «Рауан» ЖШС жұмыстарды маусым айында бастады. Жұмыстар толығымен аяқталған, алайда қаржысы келесі жылға өтпелі.
Қызыларық ауылдық округінің Ақтөбе ауылындағы Руханият көшесінің 0,410 шақырым автомобиль жолының орта жөндеу бойынша мердігердің жұмысты бастамауына байланысты, ісі сотқа жолданды.
Аудандық мәндегі автомобиль жолдары бойынша қаралған қаржы көлемі 119 988,0 мың теңге, игерілген қаржы көлемі 66 758,0 мың теңге, ол 55,6% құрайды. Атап айтқанда, 3,069 шақырым «Жаңаталап-Күркіреусу» автомобиль жолының орта жөндеуі бойынша қаралған қаржы сомасы 41705,0 мың теңге. Игерілген қаржы 90% құрайды. Мердігер «Рауан» ЖШС жұмыстарды маусымда бастады. Қазіргі уақытта жұмыстар толық аяқталды. Сонымен қатар 12,3 шақырым «Талапты-Алатау-Застава» автомобиль жолының орта жөндеу жұмыстары 2019 жылға өтпелі. Қалған қаржы сомасы 28 862,9 мың теңге. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Мердігер «ЖДМС-С» ЖШС қалған 1,4 шақырым асфальт төсеу жұмыстарын толығымен орындады.
Облыстық бюджеттен қосымша 44019,0 мың теңге «Шақпақата-Т.Дүйсебайұлы» 2,564 шақырым автомобиль жолының орта жөндеуіне бөлінген қаржы көлеміне жұмыстары толық аяқталды. Мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС жолдың негізін дайындау жұмыстарын толық аяқтап, 1,7 шақырым автожолға асфальт толық төселді, инфрақұрылым объектісі 2020 жылға өтпелі.
2019 жылға аудандық мәндегі автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге 12 961,6 мың теңге қаржы қаралып, 3070 шаршы метр жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымды жөндеу жұмыстарын «Жасыл-Жуалы» МКК атқаруда.
Ауылішілік автомобиль жолдарының ағымды жөндеуіне 16 000,0 мың теңге қаржы қаралып, 3789,6 кв метр жөндеу жұмыстарын «Жасыл-Жуалы» МКК атқаруда. Облыстық мәндегі автомобиль жолдары бойынша қаралған қаржы көлемі 817 800,0 мың теңге. Атап айтқанда, «Әбілдабек-Бақалы-Сұрым-Бәйтерек» автомобиль жолының 0-10 және 21-32,1 шақырымдарын орта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
«Бауыржан Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автомобиль жолының 15-33 шақырымының орта жөндеуіне қаралған қаржы сомасы 311 381,0 мың теңге. Жолды қопару жұмыстары атқарылып, жол негізі тығыздалып, бүгінгі күнге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
– Таулы өңірдегі ауылдарға газ құбыры тартылып жатқанынан да хабардармыз. Оның барысы туралы не айтасыз?
– 2017 жылы ауданның таулы өңіріндегі 15 елді мекенін газдандыруға жобалық-сметалық құжаттама дайындалған болатын. Жобаның жалпы құны 3,0 млрд. теңгені, газ құбырының ұзындығы 10,2 шақырымды құрайды. 2019 жылы құрылысты бастауға республикалық бюджеттен 705,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 78,3 млн. теңге бөлінді. Бүгінде мердігер «Тараз құрылыс-2004» ЖШС құрылыс жұмыстарын сәуір айында бастап, Қарасаз ауылынан Тасбастау ауылына дейін газ құбырын тартты. Жоба толық іске асқанда таулы өңірдегі 9 547 тұрғын көгілдір отынның игілігін көретін болады.
Одан бөлек, «Ауданның елді мекендеріне кварталішілік газ тарату желісі жобасы» бойынша жеті ауылға ЖҚС әзірленді. Атап айтқанда, Жетітөбе ауылдық округінің Тасбастау, Кәріқорған, Майбұлақ, Қосмұрат, Шыңбұлақ, Қоңыртөбе, Күреңбел ауылдық ауылдық округінің Күреңбел ауылдарына ЖСҚ әзірлеуге 30 876,0 мың теңге қаралып, оның 14 445,0 мың теңгесіне конкурс нәтижесі бойынша мердігер «КазЦентрПроект» ЖШС анықталды. Топографиялық түсірілімдері, инженерлік-геологиялық жұмыстары мен жұмыс сызбалары, ЖСҚ, ҚОӘБ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Бүгінгі күні келіп түскен ескертпелерді толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Сұқбаттасқан Абылайхан СӘРСЕН.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close