Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Мемлекет басшысы жалпыхалықтық сенбілікке қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ботаникалық бақта өткен экологиялық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Елорданың Ботаникалық бағында өткен сенбілікке қатыстым. Елімізді көгалдандыру – табиғатты қорғауға қажетті және қайырымды іс. Осы пайдалы шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Елордамыз жайлы және жасыл қалаға айналуы керек», – деп жазды Twitter-де Мемлекет басшысы.

«Президент сондай-ақ Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысқан жұртшылықпен сұхбаттасты» деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі. «Шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты.

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі», делінген ақпаратта.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close