Басты бетЖаңалықтарМәдениет

“Taraz симфониясы” өнер фестивалінің гала-концерті өтті

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен “Taraz симфониясы” өнер фестивалінің гала-концерті өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Өңірде классикалық музыка, романс, джаз жанрларын дамыту, өнерпаздардың орындаушылық шеберліктерін шыңдау мен жас таланттардың шығармашылығын қолдау мақсатында өткен іс-шарада ауыл-аймақ, аудан жастары өнер көрсетті.

Гала-концертте Қазақстанның Мәдениет қайраткері, қазақ эстрадасының маэстросы, дирижер Нұрлан Байкөзов және Оңтүстік цирк ұжымының «Х-Band» эстрадалық-джаз оркестрі өнерлерін паш етті. Белгілі композитордың сөзіне, әніне жазылған керемет әуендерді Тараздық жастар орындады. Әсіресе, өнер иесінің өмірден озған жарына арналған “Махаббат балладасы” туындысы халық көңілінен шықты. Нұрлан Байкөзов ізгі тілектерін айту мақсатында облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова сөз сөйлеп, шапан жапты.

Дүбірі бөлек думанның тағы бір жұлдызды қонағы – белгілі эстрада әншісі Жұбаныш Жексенұлы. “Шаттанайық” әнімен жамбылдық жұртшылықтың көңілін көтерсе, “Өз елім” әнімен гала-концертті аяқтады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close