Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жағдай жіті бақылауда

Жуырда Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 мектеп-гимназиясында «Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Оған аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов, бөлім мамандары мен бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар туралы мәлімет беріліп, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заманауи жағдайларда білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мәселелері талқыланды.
Басқосуды аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мәжит Мамытұлы ашып, аталған бағытта бөлім тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуына қарағанда, білім беру саласында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары жасалған. Жоспарда нақты белгіленген шаралардың орындалу мерзімдері мен жауапты қызметкерлер бекітілген. Бөлім басшысы мекеме жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның отырысы жүйелі түрде өткізілетінін, «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылу үстінде екенін, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру заң аясында жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы қамтамасыз етілуде және олар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жиын барысында, сондай-ақ, №29 орта мектептің директоры Мұхамеджан Бейшенов пен №21 Д.Пахомов атындағы орта мектептің директоры Нұржан Құрмашевтің өздері басқарып отырған мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Жиын соңында тиісті қаулы қабылданды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close