Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды

Жуырда Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен Жуалы ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен Көксай өзенінің аңғарынан салынып жатқан су электр стансасының құрылысымен танысқан Бекболат Орынбеков Талапты ауылындағы №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепке барып, жылыту маусымына дайындығын көрді. Бұдан кейін оқушылардың қажетті оқулықтармен қамтылуын, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ыстық тамақтың берілуін сұрады. Сондай-ақ, Мыңбұлақ ауылдық округіне барған облыс әкімінің бірінші орынбасары мұнда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың жайымен танысты. Бұдан бөлек аудандық төтенше жағдайлар, №7 Өрт сөндіру бөлімдерінің ұжымымен кездесіп, құрылымның жұмысын көргеннен кейін аудандық, облыстық мәні бар жолдарды қардан тазартатын жауапты мекеме басшыларымен кездесіп, техникалық дайындықтарын тексеруден өткізілді. Іссапар аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында қорытындыланды. Жиынға аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме басшылыры шақырылды. Басқосуды аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашты. Бекболат Орынбековке аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы 2019-2020 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық барысы, жолдарды күтіп ұстау жұмыстары, тұрғындардың ауыз сумен, табиғи газбен, электр энергиясымен қамтылуы жайында нақты мәліметтерді ұсынды. Ал келесі кезекте әлеуметтік сала, оның ішінде аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, сонымен бірге осы салада туындап отырған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Ербол Жаңабаев баяндады. Аудандық бюджеттің игерілуі, негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі, бюджеттің кірісін ұлғайту мен оның тиімді игерілуін қамтамасыз ету бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, сонымен бірге қаржы бөлімдерінің басшылары айтып берді. Баяндамаларды мұқият тыңдаған соң қорытынды сөзді Бекболат Орынбеков алып, жиынға қатысып отырған бірқатар бөлім басшыларын тұрғызып, туындап отырған сұрақтар бойынша жауаптарын тыңдады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close