Басты бетЖаңалықтарХабарландыру
Семейде 25 жастағы жігіт жоғалып кетті

Семейде 25 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды «Ақпарақ» Аltaynews-ке сілтеме жасап.
Жасарал Қасымов Шүлбіден Семейге жұмыс бабымен
келіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Әзірше 25 жастағы жігіттің қайда екені
белгісіз. Ерекше белгілері: бойы – 185 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара.
Жоғалған күні үстінде қою көк күртеше, қара шалбар болған. Жасаралды
көрген-білгендер болса, 102 немесе 8 747 349 57 17 нөміріне хабарласуына
болады.