Басты бетЖаңалықтар

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Дүйсенбі, 14 қазан күні еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Атырау қаласында болжанады. Қазақстанның өзге шаһарларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close