Басты бетЖаңалықтарЭкономика

Таразда индустриалды аймақ құру жоспарланып отыр

Тараз қаласында Қазақстанның индустриялды картасынан тыс бір инвестициялық  жоба  іске асырылуда. Ол «GOODLOOK» ЖШС-нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысы. Жобаның қуаттылығы жылына 160,0 мың тонна, 36 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту мақсатында Тараз қаласындағы айналма тас жолының бойында орналасқан 94,2 гектар жер теліміне индустриалды аймақ құру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге индустриалдық аймаққа 9 кәсіпкер қызығушылық танытып отыр. Олар: «Достық» ЖШС 1,5 га жерге құю цехының құрылысы бойынша және металлдан жасалған жабдықтар мен бұйымдарды дайындау жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр; «Novacom technology» ЖШС 2 гектарға инфрақызыл сенсорлық әйнектер, ақпараттық дүңгіршектер, бақылау және қол жеткізу жүйелері (турникет), төлем терминалдары мен электрондық кезектер жүйелерін өндіру бойынша жобаны жүзеге асыруды көздейді; ЖК «Шинбатшаев» 1 га жер телімінде былғары және былғарыдан бұйымдар шығаратын зауыт құрылысын жоспарлап отыр; ЖК «Елібай» 1,5 га жерге көкөніс сақтау қоймасы бар жеміс-көкөніс дақылдарын қайта өңдеу цехын, қант қызылшасының тұқымын қайта өңдеу цехын және құрама жем мен шөп, ұн өндіру цехын іске қосуды жоспарлап отыр; «Taraz Class» ЖШС 2 гектарда құрғақ құрылыс қоспаларын, гипс пен су эмульсиялық бояуларды өндіретін цехты кеңейтуді жоспарлап отыр; «Мир-Раш» ЖШС 4 гектарда құрылыс материалдарын, бетон бұйымдарын және гранитті өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отыр; ЖК «Танаш» 2 га жерге көкөніс қоймасын, құрылыс қолғаптарын, өзі кесетін (саморез) және шеге шығаратын цех салуды көздеп отыр; «KAZPLAST» ЖШС 2 гектарда тігін фабрикасының құрылысын жоспарлап отыр; «Алель Агро» АҚ 5 гектарда мал азығы зауытының құрылысын салуды жоспарлап отыр; «Everlight Alto» ЖШС 2 гектарда сыртқы жарықтандыру құрылғыларының өндірісін салуды жоспарлауда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close