Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 8 айда 10242 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді

Бүгінде мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек беру жағы жіті назарда. Бұл тұрғыдан алғанда Таразда да бірқатар жұмыстар атқарылуда.

          Мәселен, Тараз қаласында 2019 жылы әлеуметтік салаға35 миллиард 775,7 миллион теңге немесе қала бюджетінің 49,9% бағытталған. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 4 млрд. 319,6 миллион теңге қарастырылған. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 2 миллиард 446,2 миллион теңгеге 10242 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2804 отбасына 113,2 миллион теңгеге тұрғын үй көмегі, 7438 отбасының 37184 адамына 2 миллиард 333,0 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Сонымен қатар, жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 3875 азамат қамтылып, оның ішінде мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға 1727 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адам, жастар тәжірибесі бойынша 323 адам және қоғамдық жұмыс орындарына 709 адам, қысқа мерзімді кәсіптік курстарға 905 адам, шағын несие беру бойынша 9 адам және инфрақұрылымдық жобалар бойынша 171 адам орналасқан. Осы жұмыспен қамтылғандардың ішінде 1727 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.

          Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 4615 адам өтініш білдірсе, оның 2961 адамы жұмыспен қамтылған. 2019 жылға қоғамдық жұмыстарға 630 адам жолданады деп жоспарланған. Осы жылы қоғамдық жұмысшылардың жалақысы 56350-63750 теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 709 азамат қатыстырылды. Жалпы, бүгінгі күнге зейнеткерлер саны 45 898 адамды құраса, мүгедектердің саны 16 330 адам. Оның ішінде I- топ – 1473, II – топ – 6675, III топ – 5523 және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 2659 адамды құрайды. Биыл мүмкіндігі шектеулі 75 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, қаңтар-тамыз  айларында 176 азамат жұмыспен қамтылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close