Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғамӘлеумет

Өңірді дамыту – өзекті мәселе

Биыл Тараз қаласында «өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Кирпичник, Қант зауыты және Барысхан аумағындағы алқаптарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тарқыштың құрылысы 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған; «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы аяқталды; №8,9,10,11 мөлтек аудандарын және «Көктем» алқабын үздіксіз ауыз сумен қамту үшін Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде; Шалғай Қарасу алқабының Модарбеков көшесі, Молдарбеков көшесінің 2-ші бұрылысы, Центральная көшесі, Центральная көшесінің 1-ші бұрылысы су жүйелерінің құрылысы бойынша «Тараз Су» КМК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 100,0 млн. теңге қарастырылып, 2020 жылы аяқтау көзделуде;  Ағымдағы жылы құрылысы аяқталатын 4-ші Тараз энерго орталығынан басталатын М-2-ші және М-4-ші жылу магистральдарын қайта жаңғырту; «Арай» көпқабатты тұрғын алқабының жолдары мен тротуарлары, сыртқы жарықтандыру,  арық желілерінің құрылысы, тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру; «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу құрылыстары.

          Жалпы, құрылыс жұмыстарының көлемі 20 миллиард 9,4 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 103,0%-ды құрады. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстыратын болсақ, 2018 жылы 18 687,5 миллион теңге болған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд. 321,9 млн. теңгеге артып отыр. 2019 жылы мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 30 миллиард 707,8 миллион теңгеге 101 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған, оның ішінде 22 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.

          Негізінен, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, халық капиталын экономикалық өсімі жоғары орталықтарға шоғырландыруды көздейді. Бағдарлама аясында халықтың қай аймақта тұратынына қарамастан, инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баса мән берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close