Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Есірткісіз – жарқын болашақ

4 қазанда Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Зер-күміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасында «Есірткісіз – жарқын болашақ!» атты жастар акциясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ескерте отырып, алдын алу болып табылады.

Акцияға Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі А.Алметов, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Қанатов, «Зер-күміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры З.Арынбаева және қала тұрғындары мен ерікті жастар, барлығы 500-ден астам адам қатысты.

Акция барысында Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі А.Алметов, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Қанатов, «Зер-күміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры З.Арынбаева сөз сөйледі. Сондай-ақ, облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша мамандардың (кинолог) дайындаған есірткі затын іздеу және қарулы қылмыскерді ұстау қойылымы көрсетілді. Сонымен қатар, заманауи би тобының хип-хоп биі, жауынгерлік каратэ қойылымдары көрсетіліп, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close