Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

Таяуда Жуалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Оған аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауылдық округтегі ардагерлер бастауыш ұйымының төрағалары мен мүшелері, «Аналар алқасының» мүшелері, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық окург әкімдері қатысты.
Пленумды ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе, яғни Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы және одан туындайтын міндеттер туралы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы баяндама жасады. Е.Аманбекұлы Жолдау жүктеген міндеттерден бөлек ардагерлер кеңесінің атқарған жұмысы, ардагерлерге үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек-қолдаулар, белсенді ардагерлер туралы айтып өтті. Ал жарыссөзге Билікөл ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Еңсебек Абсалямов, аудандық «Аналар алқасының» төрайымы Күлбақыт Айтқұлова, Боралдай ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мақсатбек Байболов, Қарасаз ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық билер кеңесінің төрағасы Сағындық Тоқбергенов шығып, Президент Жолдауы және одан туындайтын міндеттерге тоқталып өтті. Ал өз кезегінде сөз сөйлеген аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы, ең алдымен ардагерлерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, пленум жұмысының жемісті болуына тілектестігін білдірді. Жиынды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қорытындылады. Сонымен қатар, бұл күні бірқатар белсенді ардагерлер Алғыс хатпен марапатталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close