Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономикаҚоғам

Жұмыс барысымен танысты

Жақында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров жұмыс сапарымен Жуалы ауданына барды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Алдымен «Қаралма» тау шаңғы базасына барып, туристік орталықтың құрылысын көрген Нұрлан Сәбитұлы ондағы жұмыс барысымен танысты.

Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары аудан орталығындағы «Бурный сүт компаниясы» ЖШС мен «З.Мешелова» жеке кәсіпкерлігінің сүт зауытына барды. «Бурный сүт компаниясының директоры Әбдібек Пошқаев пен «З.Мешелова» жеке кәсіпкерлігі сыр зауытының жұмысын Орынбасар Мешелов таныстырды. Н.Календеров сүт зауыттарының тыныс-тіршілігімен, онда шығып жатқан отандық өнімдердің дайындалу жолдарымен, зауыттың жоспарларымен танысты. Келесі кезекте аудан әкімдігінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Жеке қабылдауға үш азамат келді. Күреңбел ауылының тұрғыны Бүтінбай Оңалбаев қымыз және бие сүтінен жас балаға қажетті, пайдалы тағам өндіруге арналған шағын зауыт ашу мақсатындағы бизнес жоспарына жеңілдетілген несие сұраса, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны Ербол Қоңырбаев сауын сиыр алуға жеңілдетілген несие берілсе деген өтінішін жеткізді. Ал, жас Мақсат Қадыров Жастар жылында жастарға шағын кәсіпкерлік ашуға бөлінген несиеге құжат тапсырып үлгере алмай қалғанын айтып, «келесі жылы тағы да осындай мүмкіндіктер бола ма?» деген сауалмен келіпті. Қабылдауға келген азаматтардың өтініш-тілектерін өзімен бірге келген тиісті басқарма басшыларына тапсырды.
Бұдан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында іссапар қорытындысына арналған жиын өтті. Жиынды аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашып, жүргізіп отырды. Жиында аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасаса, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Мақсат Жақыпбеков пен облыстық еңбек инспекциясының басшысы Бекжан Нұрланұлы аталған сала бойынша аудандағы мәселелерді баяндады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close