Басты бетЖаңалықтарСаясат

Мақсат – халық игілігіне қызмет ету

Жуырда Жуалы ауданында «Достық» мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Жуалы аудандық мәслихатының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудан әкімінің орынбасарлары, I-V шақырылған аудандық мәслихаттың хатшылары мен депутаттары, мемлекеттік мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, БАҚ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында Ерғали Тілеубеков «Мәслихаттың мақсаты – халық игілігіне қызмет ету» тақырыбында баяндама жасап, өкілді органның өткен тарихы мен атқарған жұмысына тоқталып өтті. Салтанатты шарада, сондай-ақ, аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихаттың алғашқы екі шақырылымының хатшысы Мырзахан Ахметов, үшінші және төртінші шақырылымның хатшысы Естемес Аманбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Дүкенбай Ермеков құттықтау сөз сөйледі. Бұл күні Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 25 жылдығына орай және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін І-V шақырылымдардағы аудандық мәслихат депутаттары «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 25 жылдығына орай және Жуалы ауданының әлеуметтік-экономикасын дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымының депутаттары да тізім бойынша шақырылып, марапатталды. Сондай-ақ, ауданның бір топ азаматы Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен, Жуалы ауданы мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды. Іс-шара аудан өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертке ұласты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close