Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономика

Таразда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді

Таразда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі хабарлайды. Тараз қаласы әкімдігі берген мәліметке сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында Тараз қаласының кәсіпорындары 183 миллиард 998,4 миллион теңгенің өнімін өндіріп, физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда 29 миллиард 929,9 миллион теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 514,1 мың теңге болып қалыптасты.

Химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауытын қоса алғанда, жалпы 94 миллиард 931,8 миллион теңгенің өнімін өндірген немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 24 миллиард 157,2 миллион теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады.

         Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 1 миллион 3,1 мың тоннаға өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ: майда таратылған фосфор 41,3 мың тонна, сары фосфор  7,9 мың тоннаға, аммофос 50,8 мың тоннаға артса, натрий триполифосфаты 2,9 мың тоннаға,  фосфор қышқылы 3,3 мың тоннаға және азық трикальций фосфаты 6,5 мың тоннаға кеміген, фосфос калий тыңайтқышы өткен жылдың деңгейінде сақталған. Ал, күкірт қышқылын 2018 жылы өндірмесе ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 108,7 мың тонна өндірген.          Тамақ өнеркәсібі саласындағы «Орта азиялық қант корпорациясы» АҚ – есепті кезеңде 22 миллиард 890,1 миллион теңгеге 124,3 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі 55,5%-ға өсіп отыр. Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі үлесі 15,8%-ды құрады. Қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,8%-ды құрады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close