Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Еңбекпен жеткен мұратқа

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Тоқбергенов пен аудандық «Аналар алқасы» қоғамдық құрылымы төрайымының орынбасары Айгүл Омарованың ұйымдастыруымен «Еңбекпен жеткен мұратқа» атты мерекелік кеш өтті. Кешке аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, ауылдық округтердегі бастауыш ұйымдардың төрағалары, «Аналар алқасының» мүшелері, ауылдағы қадірменді ақсақалдар мен тұрғындар қатысты.

Кешті «Аналар алқасы» төрайымының орынбасары Айгүл Омарова ашып, қарияларды мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Қазыналы қарияларға денсаулық, отбасыларына бақыт, береке тіледі. Өз кезегінде ауылдық округтің әкімі Бауыржан Тойшыбеков сөз сөйлеп, жиылғандарды қарттар күнімен құттықтады. Ауыл әкімі мен «Қарасаз» бастауыш партия ұйымының төрайымы Бақыткүл Жексекеева бір топ қарияларға сый-сияпат жасап, Алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік кештің көркін ауылдағы белсенді әжелердің бірі Жәмиләш Мұсабай «Гүлдер» әнімен қыздырып, ардагер ұстаз Дина Ережепқызы «Ауыл қарттары» әнін тарту етті. Сондай-ақ, мерекелік кеште «Ата, әже» әні шырқалып, мектеп оқушылары сахна төрінде ата-әжелеріне арнаған арнауларын тарту етті. Кішкентай әнші Жанель Серіктің «Қос бәйтерегім» әні шырқалып, көрерменнің назарына «Қарасаз» балабақшасы ұжымының биі ұсынылды. Сахнада «Әжелер» ансамблі халық әні «Дедімай-ау», ал аталар Шәмші Қалдаяқовтың «Сырласу», «Қайықта» әнін орындады.

Айымхан Сеңгірбаева «Сусамыр» әнін орындап, Пушкин атындағы орта мектептің директоры Нұриддин Нұрғабылов «Сырласу» әнін шырқады. Ауыл өнерпаздары Бексұлтан Таспауов домбырамен терме айтса, ұстаз Арман Құлахметов «Менің анам» әнін орындады. Кеш соңынан «Атамекен» әні хормен шырқалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close