Басты бетЖаңалықтарСаясат

Үздіктер облыстық кезеңге жолдама алды

Жуырда Жуалы ауданының мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Үздік бастауыш партия ұйымы-2019» байқауының бірінші кезеңі өтті. Оған аудандағы 30 БПҰ-ның 20-ға жуығы қатысты.

1 санат бойынша – құрамында 100-ге дейін партия мүшесі бар БПҰ-дан жеті, 2 санат бойынша – құрамында 500-ге дейінгі партия мүшесі бар БПҰ-дан 11 БПҰ жетекшілері қатысты. Жиында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты, Жуалы ауданының кураторы Балжан Пернебекова байқаудың мақсатын түсіндіре келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауды бірінші болып бастаған «Ақтөбе» БПҰ төрайымы Гүлнар Әбілдаева атқарылған жұмыстарға тоқталып, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, жастармен жұмыс туралы айтып өтті. Одан соң «Нұрлыкент», «Әбдіқадыр», «Күреңбел», «Қайрат», «Көлбастау», «Жуалы газ», тағы да басқа БПҰ жетекшілері кезегімен шығып, өз жұмыстарын көрсетті. Барлық жұмыс комиссия мүшелерінің назарынан тыс қалған жоқ. Әрбір үміткер өз жұмысын қорғап болған соң, комиссия мүшелері өздерінің пікірін білдірді. Байқауда 2 санат бойынша «Қайрат» БПҰ мен «Жуалы газ» БПҰ жетекшілерінің жұмысы тең дәрежеде түсіп, жеңімпазды анықтау үшін оларға қосымша сұрақтар қойылды. Нәтижесінде 1 санат бойынша «Ақтөбе» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлнар Әбілдаева, 2 санат бойынша «Жуалы газ» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айнұр Мөриева жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтармен, Дипломмен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды.

Жалпы, байқаудың мақсаты – бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру; үздік БПҰ анықтау және олардың жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймақтарына тарату; партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді БПҰ төрағаларынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру; партия жұмысына жұртшылықтың назарын аудару.
Байқау үш деңгейде өтеді. Яғни, аумақтық, аймақтық және партия орталық аппараты деңгейінде өткізіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close