Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералин азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова, аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Мергенбай Қойкенов қатысты.

Қабылдауға жазылған Б.Жаңабаев 25 қыркүйек күні тұрғын үйіне белгісіз тұлға терезесін ашу арқылы кіріп, қомақты қаржы мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткені, содан араға алты күн салып қылмыс ашылмай тұрып 1 қазан күні қайта түсіп, үйін астан-кестенін шығарып шашып, бір алтын сақина мен ұялы телефонын ұрлап кеткенін. Бүгінгі таңда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы. Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша күдікті екінші жағдай бойынша кінәсін мойындаған. Ал бірінші жағдай, жалпы ауданда орын алған пәтер ұрлығы бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады.
Бұл сұраққа аудандық полиция бөлімінің басшысы Мергенбай Бірлікұлы жауап берді.
-Ауданда орын алған пәтер ұрлығы деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, бөлім қызметкерлері тарапынан жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Нәтижесінде Т. есімді азамат құрықталды. Сондықтан бұл мәселе жіті бақылауда. Тергеу, зерттеу амалдары аяқталған соң іс сотқа жіберілетін болады,- деді полиция бөлімінің басшысы.
Қабылдауға жазылған келесі азаматша Р.Қалдыбекова жұбайының ұрып-соғып, балағаттағаны үшін жазған жазбаша арызы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін сұрады. Бұл сауалға Мергенбай Бірлікұлы азамат Б.Қалдыбеков өзінің заңды некедегі әйелінің алған дене жарақаты бойынша сот медициналық дәрігерлік сараптама тағайындалғандығын, сараптама қорытындысы бойынша жиналған іс-құжаттар аудандық сотқа заңды шешім қабылдау үшін жолданатындығы туралы айтып түсіндірді.
Үшінші келген азаматша Ә.Нұрланованың сұрағы да пәтер ұрлығына байланысты.
-19 қазан күні таңғы 8.30-дан түске дейінгі уақытта үйімізге белгісіз біреулер терезе арқылы кіріп, үйімізді әбден ақтарып, бір жарым жылдан бері тиын жинап жүрген капилкамызды ұрлап кеткен.
Мұндай пәтер ұрлығы біздің көшемізде бір емес, төрт-бес үйде болды. Көше тұрғындары үрейленіп отыр. Бұл іс қашан ашылады? Біздің қорқатынымыз – егер ұры есі-басы дұрыс емес адам болса не болады? Тұрғындардың өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігіне кім жауап береді?- деді.
Бұр сұраққа да бірінші сауалдағыдай жауап берілді.
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералин Мергенбай Бірлікұлына бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауды және аудандық әкімдік қызметкерлері, ауылдық учаскелік полиция қызметкерлері, ауылдық ақсақалдар алқасы, жергілікті ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды. Алдын алу жұмыстарын күшейту керек. Полиция қызметкерлері өз қызметін жауапкершілікпен, патриотизммен атқаруы қажет және ауыл тұрғындары да өз аулаларына қауіпсіздік үшін бейне бақылау орнатуы қажеттігі туралы айтты.
Қоғамдық қабылдауды аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов қорытындылады. Ол полиция бөліміне жасалып жатқан жағдайлар туралы айта келіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Перизат Шымыртайқызы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close