Басты бетҚоғам

Білім беру сапасын жақсарту – басым бағыт

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде әлеуметтік саладағы басым бағыттарға, соның ішінде білім берудің сапасына баса мән беру қажеттілігі айтылады. «Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу.

Әлеуметтік салада мынадай бағыттарға баса мән беру керек.
Бірінші. Білім беру сапасын жақсарту. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс» делінген Президент Жолдауында.
Осы ретте біз аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжановтан білім беру саласына жүктелген жаңа міндеттердің орындалу барысы туралы сұрағанымызда ол былай деп жауап берді:
– Аудан әкімдігінің білім бөлімі өз жұмысын дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Жалпыға бірдей білім беру мемлекеттік стандарттарына сүйініп, «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» Заңдарды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, кемтар балаларды оңалту, педагогикалық-психологиялық қолдау, оларға инклюзивтік білім беру саласындағы заңнамаларды басшылыққа ала отырып, жүргізіп келеді.
Бүгінгі таңда ауданда бөлімге қарасты 72 білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымы қызмет етеді. Соның ішінде 39-ы (27-сі орта, екеуі мектеп-гимназия, бір мектеп-лицей, үш негізгі, алты бастауыш) жалпы орта білім беретін мектеп, 26-сы мемлекеттік балабақша, бір шағын орталық, төртеуі мектептен тыс мекеме (үш балалар өнер мектебі, бір Аула клубы) және бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және бесеуі жеке меншік балабақша.
Жаңа оқу жылында 39 мектепте 11 244 бала білім алуда. Білім беру мекемелерін оңтайландыру мақсатында жаңа оқу жылы қарсаңында бөлімге қарасты Төңкеріс бастауыш мектебі жабылды.
Аудан мектептерінде 1 752 мұғалім жұмыс атқаруда, оның 1665 (95%) жоғары білімді, 87 (5%) білімі – арнаулы орта. Жоғары санаттысы – 460 (27%), бірінші санаттысы – 491 (29%), екінші санаттысы – 423 (25%), санаты жоқ 378 (22%) мұғалім.
Жалпы білім беретін 39 мектептің барлығы компьютендірілген және телефон байланысы орнатылған. Мұндағы компьютерлер саны 1 795 дананы құрайды, яғни тоғыз оқушыға бір компьютерден келді. Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны – 40 мектеп (100%). 23 мектептің (57,5%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған.
Аудан мектептерінде барлығы 95 интерактивті тақта бар. Арнайы жабдықталған пән кабинеттері саны – 70, одан бөлек, 30 лингафонды-мультимедиалық кабинет, үш мектептің базасында IT-сыныптар ашылды. Жалпы оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер саны 696 (99,4 %).
Білім сапасы мен мазмұнын арттыру мақсатында мектеп оқушыларын жаңа буынды оқулықтармен қамтамасыз ету – бөлім жұмысының басым бағытының бірі. Ағымдағы оқу жылы «Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасына аудандық бюджеттен 183 233,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 2019-2020 оқу жылына аудандағы 4,9,10 сынып оқушыларына оқулықтар және МАДТ тәрбиеленушілері мен 8, 9 сыныптардың оқушыларына үштілділік бойынша (физика, биология, химия, информатика) оқу-әдістемелік кешендерге 11 баспамен («Алматы кітап», «Астана кітап», «Атамұра», «НИШ», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Едустрим», «Оксфорд», «Келешек-2030», «Көкжиек-Горизонт» және «Бөбек») шарттар жасалды. Оқулықтар жаңа оқу жылы басталғанға дейін ауданға толығымен жеткізіліп, оқушыларымыз сапалы оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында да екшенді жұмыстар атқарылуда. Бөлімге қарасты 39 мектептің 29-і (74 %) типтік 10-і (26 %) ыңғайластырылған, ал балабақшалардың 5-еуі типтік, 21-і ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.
2019 жылы аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептердің материалдық-техникалық базаларын жақсартуға 104082,0 мың теңге бөлініп берілді. Оның ішінде: мектептерге циркуляционды моторлар сатып алу үшін 930,5 мың теңгеге «Ерсұлтан» ЖК-мен келісім-шарт жасалынды, өртке қарсы дабыл қаққыштарды жөндеу 1200,0 мың теңгеге және қызмет көрсетуге камераларын жөңдеу және қызмет көрсетуге 1180,0 мың теңгеге «Альфа Group» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған. 1 сынып оқушыларын қабылдауды автоматтандыруға – 13563,7 мың теңге және балабақшаға кезеке қоюды автоматтандыруға 12950,2 мың теңге «Benediximus» ЖШС-мен шарттар жасалынды, өрт кезіндегі дабылқаққыштарды қайта орнатуға 8500,0 мың теңге, химия кабинетін сатып алуға конкурс ойнатылып «LT International» ЖШС 3640,0 мың теңгеге ұтып алды, физика кабинеті бойынша «Аяулым» ЖК 3300,0 мың теңгеге жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні кабинеттер алынып, мектептерге орнатылды. Ал, биология кабинеті бойынша «DQB BASIS» 3024,0 мың теңгеге ұтып алып, қазіргі таңда №20 Жамбыл атындағы орта мектебіне толық жеткізілді. Интерактивті тақтаның лампаларын ауыстыруға 1 631,0 мың теңге қаражат жоспарланып, конкурс жұмыстары жүргізілуде.
Өртке қарсы дабылқаққыштар 39 мектептің 39-да, бейнебақылау камералары 39-дың 39-да орнатылған. Робототехника бойынша 39748,0 мың теңге қарастырылып, қазіргі таңда 10 мектепте орнатылуда.
Шақпақ ауылдық округінің Шақпақата ауылындағы Қ.Сағындықов атындағы орта мектептің, сондай-ақ Боралдай ауылдық округінің Көлтоған ауылындағы С.Бәйтіков атындағы орта мектептің оқу корпусының шатырын ішінара күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жұмыстар толық аяқталды. Сонымен қатар, Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің спорт залының еденін ауыстыру, Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылындағы Мыңбұлақ орта мектебінің жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары да толығымен аяқталды.
Білім мекемелері қысқы жылыту маусымына дайындығы бөлімнің тұрақты назарында. Аудандағы 72 білім беру мекемесінде 33 қазандық бар. Бөлімге қарасты барлық білім мекемелерінің әйнектері қос қабатты және қатты отынмен (көмірмен) жылытылатын білім мекемелерінде көмірхана бар. Қазандығы бар білім мекемелері толықтай қосалқы генератормен қамтамасыз етілген.
Айта кетсек, 49 мекеме сұйық отынмен, ал 23 мекеме қатты отынмен жылытылады. 2019 жылы қатты отынмен қамтамасыз етуге мектептерге 35 790,0 мың теңге, балабақшаларға 2 820,0 мың теңге, ал сұйық отынмен қамтамасыз етуге мектептерге 46 600,0 мың теңге, балабақшаларға 9 350,0 мың теңге қарастырылып отыр.
Оқушыларды тасымалдау және ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары да өз деңгейінде атқарылуда. Жаңа оқу жылында ауданның 17 елді мекенінен 525 оқушы тоғыз орта мектепке тасымалданып оқытылуда. 2019 жылы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2546 балаға 165783,0 мың теңге қаржы қаралып, 9 айда 74 % яғни, 123041,0 мың теңге қаражат игеріліп, ыстық тамақ берілуде.
2019 жылдың бюджетінен жазғы сауықтыру лагерімен қамтамасыз ету үшін 19850,0 мың теңге қаржы қарастырылды. Жалпы 2019 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуына 1-10 сынып оқушыларының 9841 баласын демалдыру жоспарланып, аяқталды. Сондай-ақ 11 600,0 мың теңгеге 400 баланы қала сыртындағы лагерьге демалдыру жоспарланып, олар жазғы сауықтыру лагерінде демалды.
Туристік саяхаттар мен экскурсияға 1 914 (19,4%) бала, мектептер мен мектептен тыс білім мекемелерінде тіл үйрену, спорттық, өнер бағыттары бойынша үйірмелерге 5280 (53,7%), еңбек жасақтарында (көгалдандыру, жөндеу жұмыстарына) 845 (8,6 %) және аула клубында – 1050 (10,7%), республикалық сауықтыру орталықтарында – 9 бала демалды.
Ағымдағы жылы бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі балалардың сауықтыру лагерьлерінде демалатын жекелеген санаттағы балалардың қамтылуы 100%-ды құрады, ол – 3150 оқушы. Соның ішінде жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылыққа алынған және патронаттағы балалар – 41 (100%), аз қамтылған отбасыларының балалары – 2207 (100%), мүмкіндігі шектеулі балалар – 141 баланың 59-ы қамтылды (41,8%), білім, өнер, спорт салаларында үздік нәтиже көрсеткен балалар – 2791 (100% ).
Іс-шаралар жоспарына сәйкес биылғы жазғы маусымда дарынды балаларға арналған 3, 4 курс білімгерлерін волонтер ретінде жаз мезгілінде мектептердегі ағылшын тілі үйірмелеріне тарту жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.
Ауданда 32 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Соның ішінде 26 мемлекеттік балабақшада – 2075 бала, «Айгөлек» шағын орталығында 50 бала, жекеменшік балабақшаларда 280 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда.
0-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны -750.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған 3-6 (1-6) жастағы балалардың үлесі төмендегі көрсетішті құрап отыр: ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие және оқытумен қамту үлесі 1-6 жас аралығындағы 82% (облыс-82,6), ал, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі ауданда 100% (97) көрсетті. Яғни, аудан 1-6 жас көрсеткіш бойынша 4,8 % төмен (бұл көрсеткіш түйінді нысаналы индикатор тізбесіне енбеген), ал 3-6 жас бойынша- 2,1 % жоғары.
Бүгінгі күні, 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту үлесін облыстық көрсеткішке жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бөлімге қарасты білім беру мекемелерінде мемлекеттік сынақ – Ұлттық бірыңғай тестілеуге тиісті деңгейде дайындық шаралары жүргізіліп, ұйымшылықпен өткізілді.
2018-2019 оқу жылында 791 оқушы 11 сыныпты бітірді. Оның 38-і «Алтын белгі» төс белгісін, 36 оқушы «Үздік аттестат» алды. Бітіруші мектеп түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш бергендер саны-756 болды.
Тестілеуге 750 оқушы қатысып, аудан бойынша тестілеудің орташа балы 97,5 пайызды құрады.
Жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшу тапсырмасына сәйкес білім мекемелерін қажетті педагогтармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 2013-2018 жылдар аралығында барлық 40 мектеп директоры мен 40 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен 25 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалында қысқа мерзімді білім мазмұнын жаңғырту курстары бойынша екі апталық және бір апталық курстардан өз білімдерін жетілдірді. Алматы қаласында 3 тәрбие орынбасары «Мәңгілік ел» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыды. Тренерлік курстан 107 мұғалім өтті.
Робототехника курсынан 35 мұғалім өтті. Критериалды бағалау бойынша – 19 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өтті.
«Өрлеу» БАҰО ұйымдастыруымен өткен жылы ауданымызда негізгі пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп, бастауыш сынып мұғалімдері 120, география пәні мұғалімдері 28, химия пәні мұғалімдері 25, биология пәні бойынша 28, тарих пәні 24, құқық тарих пәндері бойынша 30, математика пәні 29, дене шынықтыру 31, қазақ тілі 28, орыс тілі 28, инклюзивті оқыту бойынша 24 мұғалімге (АӘД және педагог психологтар, өзін-өзі тану пән мұғалімдері) аудан орталығында көшпелі курстар ұйымдастырылды.
Тараз қаласы ПШО базасында әр пән бойынша 132 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Жалпы өткен оқу жылында 578 мұғалім курстан өтіп, 478 мұғалімді біліктікті арттыру курсынан өтуге сұраныс берілді. 2018 жылдың қараша айында «Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау және сараптау» тақырыбында 15 пән мұғалімдері және «Робот техникасы негіздері» бойынша 6 мұғалім Тараз қаласы ПШО базасында курстан өтті.
Ағымдағы жылдың басынан бері 30 қазақ тілі мен әдебиеті пәні, 80 бастауыш сынып мұғалімі, 35 денешынықтыру, 10 тарих пәні, 21 физика пәні мұғалімі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтіп сертификатталды. 30 мұғалім «Робототехника және 3D модельдеу» тақырыбында екі апталық оқуға қатысты.
Қазіргі кезде ауданның білім беру саласының алдында инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдық болып отыр. Ауданымызда 2016-2017 оқу жылында 1 сынып, 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшсе, 2018-2019 оқу жылында 3,6,8-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті.
Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Осы жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін пән мұғалімдеріне 214 млн 984 мың теңге қаралып, қыркүйек айынан бастап айлықтарына 30 пайыз үстемақы қосып төленуде.
Алдағы оқу жылына курстарға 4 млн 625 мың теңге бөлінсе (оның ішінде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге 200%), курсқа кеткен негізгі қызметкерлердің орнын алмастыруға 20 млн 480 мың теңге, іс-сапар шығындарына 18 млн 144 мың теңге қаржы қаралып, игерілді.
Ауданның білім беру жүйесін цифрландыру кезек күттірмейтін міндет болып табылады. Осы ретте бөлімге қарасты барлық 39 мектеп онлайнда жұмыс атқарады. Республикалық бюджеттен 7 600,0 мың теңге бөлініп, оффлайндағы 5 мектеп, онлайндағы 35 мектепке қосылды.
«Күнделік» жүйесі мектептерге 100 пайыз енгізілді. Қалыпты жұмыс жасау үшін интернет желісінің жұмыс жасауы, мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі үшін әр білім мекемелерінде директордың ІТ жөніндегі орынбасары мен жауапты маман бекітілді. Мұғалімдерді компьютермен қамту 99,4 пайызды құрады.
2018 жылы 11720,0 теңге компьютермен жабдықтауға бөлініп, 35 компьютер және 20 ноутбук алынып, мектептерге таратылды. Мектептердің инфрақұрылымын әзірлеуге 17360,0 теңге (43 комплект тақта, үлкейткіш, компьютер алуға) бөлініп, таратылып берілді.
2019 жылы компьютермен жабдықтауға бөлінген қаржы 25035,0 мың теңге бөлініп, 200 дана алынды. Робототехникаға 47295,0 мың теңге, (роботтар алуға) бөлініп, аудандағы 13 мектепке берілді. (32,5 % ).
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес орта білімдегі үш тілді жаратылыстану-ғылымдары бағытындағы пәндердің 2018-2019 оқу жылында ағылшын тілінде жүргізілуі көзделген. Аталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2018 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап В1,В2, С1 деңгейде Clil сертификаттарды иеленген мұғалімдер жалпы аудандағы 24 мектептен 43 мұғалім 48 сыныпта 4 пәннен сабақ береді. Оның ішінде 7 мұғалім С1 ал 36 мұғалім В1, В2 деңгейдегі септификатталған мұғалімдер.
Атап айтсақ, физика пәнінен 10, химия пәнінен 11, биология пәнінен 9, информатика пәнінен 13 мұғалім ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыруда.
2019 жылдың 25 ақпанынан бастап физика пәнінен 6, химия пәнінен 5, биология пәнінен 5, информатика пәнінен 10 мұғалім, барлығы 26 ұстаз ағылшын тілінде оқытылуда.
Республикалық бюджеттен 2018 жылы базалық лауазымдық жалақысынан әр мұғалімге 35 мың 394 теңге қосымша жалақы қосылуда. Жалпы жыл соңына дейін 37012,0 мың теңге қарастырылып, игерілді.
Республикалық бюджет есебінен жалпы 2019 жылы 950 896,0 мың теңге қаражат жоспарланды, соның ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге 45 256,0 мың теңге.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттен» 190928,0 мың теңге.
Педагог-психологтардың жалақысы 1 қаңтардан көбеюіне байланысты 12137,0 мың теңге қаралды. Айлық жалақысы 42500 теңгеден төмен айлықты жоғарылату мақсатында 267 927,0 мың теңге қаржы қаралды. «Аягүл», «Балдырған», «Қарасаз», №1 балабақшаларының бүлдіршіндері ерте жастан бастап үш тілде тәрбиеленуде.
Жазып алған
Абылайхан СӘРСЕН.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close