Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысында «Жомарт жүрек» сыйлығы табыс етілді

Жамбыл облысында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада аталған сыйлық бес аталым бойынша берілді. Оның ішінде «Арайстроймаркет 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаевқа «Жыл меценаты» атағы табыс етілсе, «Туған өлке» аталымын қордайлық кәсіпкер, «СССР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәрсебек Салыбаев иеленді. Өзінің спорттық мансабында 12 рет әлем рекордын жаңғыртқан даңқты спортшы Зульфия Габидуллина «Жыл тұлғасы» аталымын жеңіп алса, «Жылдың үздік ұйымы» аталымы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бұйырды. Серіктестік басшысы – Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар үздік жобаларды жүзеге асырғандарға берілетін «Ерен еріктілік» атағы «ӨРКЕН-НИЕТ» қайырымдылық қорының төрағасы Сағдат Айнабековке бұйырды. Аталған сыйлықтарды иеленген азаматтардың бәрі де Әулиеата өңірінің әлеуетін көтеруге атсалысып жүрген азаматтар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close