Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Жуырда Жуалы аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев жүргізген отырыс барысында «Жасыл-Жуалы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Жетітөбе ауылдық округі әкімінің, «Қазпочта» аудандық бөлімшесінің атқарған жұмысы қаралып, талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша «Жасыл-Жуалы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытжан Сүлейменқұловтың баяндамасымен қатар, Қоғамдық кеңестің «Аграрлық саясат, ауылдық аймақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы жүргізген зерделеу жұмыстарының қорытындысы тыңдалды. Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жетітөбе ауылдық округі әкімдігінде атқарылған жұмыстар туралы ауыл әкімінің міндетін атқарушы Батыржан Таңатовтың есебі тыңдалды. Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша да қоғамдық кеңестің зерделеу жұмыстары жүргізілген. Ол туралы «Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, әлеуметтік-мәдени салалар және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі» комиссия төрағасы Гүлнәр Мұсаханова мәлімдеді. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі үшінші мәселе – «Қазпочта» аудандық почта байланысы торабының жұмысы туралы филиал бастығы Бақытжан Устаев баяндама жасады. «Қазпочта» почта байланысы торабының қызметіне Қоғамдық кеңестің «Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруға дамушы мәселелері білім, денсаулық сақтау жөніндегі» комиссиясы зерделеу жұмыстарын жүргізген. Бұл туралы тұрақты комиссия төрағасы Кәрібай Құрмашев айтып өтті. Жалпы, қаралған барлық мәселелер толық зерделеніп, жиын қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close