Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жуалы ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті

Ағаш отырғызу республикалық акциясы Жуалы ауданында да жоғары деңгейде өтті. «Жасай бер, Қазақстан!» аллеясында өткен акцияға аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары мен қызметкерлері, Қарасаз, Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, жалпы 500-ге жуық адам қатысты.

Акцияны аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашып, сөз сөйледі. – Құрметті әріптестер! Бүгін республика көлемінде экологиялық акция өтуде. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның гүлденуіне үлес қосу, жас ұрпақты табиғатты аялауға баулу. Бүгінде халық табиғат сыйы ағаштарды құрылыс заттарға көп пайдалануда. Сондықтан біз ағашты көптеп егуіміз керек. Орман қорымыздың молаюына өз үлесімізді қосуымыз қажет. «Судың да сұрауы бар»- демекші, суды да үнемдеп пайдалануымыз керек. Барлықтарыңызды бүгінгі акцияға белсене атсалысуға шақырамын. Егетін ағаштарымызды шын ниетпен егіп, оған күтім жасайық. Ендеше іске сәт!,- деді аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы.

Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі Көбейсін Хайралапов акцияға демеуші болған жеке кәсіпкер Бекзат Шубаевқа алғысын білдірді. «Туған жерге туыңды тік!» бағдарламасы аясында демеушілік жасаған кәсіпкер 50 түп туя мен 50 түп можевельник сатып алып беріп отыр. Акция барысында одан бөлек орман шаруашылығы мекемесі арқылы 400 түп, ауылдық округтер арқылы 200 түп қараағаш көшеті әкеліп, отырғызылды. Акцияға аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы бастаған аудан басшылары белсене атсалысты. Осылайша, республика көлемінде қолға алынған акция Жуалы ауданында да жоғары деңгейде өтті. Естеріңізде болса, аталмыш акция Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі бастап, акция аясында республикалық сенбілікке қатысып, ағаш отырғызған болатын. Бүгінде мұндай шаралар Қазақстанның барлық жерлерінде қолға алынып, жалғасын табуда. Мақсат – өзіміз өмір сүріп жатқан өлкені көгалдандырып, көркейту. Айналамызды жасыл желекке бөлеп, қоршаған ортаны көгалдандыруға атсалысу.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close