Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Көне шаһардағы мың бір түн

Жуырда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Тараздағы  «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Көне шаһардағы  мың бір түн» атты «Музей түні» театрландырылған  қойылым  іс-шарасы өтті.

         Іс-шараны ашқан  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры  Нұрлан Бықыбаев аталмыш іс-шараның  келушілерге терең тарихтан тағылым беруде маңызы зор екенін айта келіп, халықты белсенді қатысуға шақырды.

         Жиында Жамбыл облыстық Қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанов, облыстық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Сайлаухан Ашанов, «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкері Бақытбек Қасымов, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері Қуаныш Нұрмақсұтовтар осындай іс-шаралардың тек жас ұрпаққа ғана емес, жалпы қоғамға ұлттық тарихымызды терең танып, отансүйгіштік рухының асқақтауына зор үлес қосатынын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«Музей түні»  бағдарламасына сәйкес, келушілер «көпестер мен қолөнершілер қаласының» тарихи атмосферасына үңіліп, батыр Қарахан мен сұлу Айша бибі тарихының куәгері болып, музей кеңістігіндегі тарихи тұлғалардың жанданған бейнелерімен бір қатарда жүріп, түрлі-түсті инсталляция аясында естелік фотоға түсіп, бір сәт тарих қойнауына сүңгуге мүмкіндік алды. Кешкі сағат 20.00-ден таңғы сағат 03.00-ге дейін жалғасқан іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтарынан үш мыңнан астам адам қатысты. «Музей түні» барысында  іс-шараға  белсенді қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close