Басты бетЖаңалықтарМәдениет

Тараз қалалық мәдениет үйінде 25 үйірме жұмыс істейді

Таразда 206 мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 133 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі  бойынша 1061 мәдени іс-шара өткізілді, қатысқан оқырман саны – 62 644. Бұл биылғы жылдың 8 айы бойынша алынған мәлімет. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш өзгеретін болады.

Жалпы, қалалық мәдениет үйінде 25 үйірме жұмыс істейді екен, оның  ішінде 19 ұжымның «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар. Олар: «Жас дәурен» үлгілі би ансамблі, «Красная гвоздика» халықтық ардагерлер хор ұжымы, «Қарахан» ұлт-аспаптап  ансамблі, «Бозторғай» ән-би ансамблі,  «Жібек жолы» халықтық эстрадалық оркестрі, «Өрлеу» қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Ривер-данс» балдық би ансамблі, «Дулати» халықтық жастар театры, «Асыл-Аналар» халықтық әжелер ансамблі, «Камертон» вокалды тобы, «Мерей» халықтық вокалды тобы, «Вояж» балеті, «Планета» халықтық театры, «Маричка» халықтық украин вокалды тобы, «Жансарай» халықтық театры, «Шаттық» үлгілі хор ұжымы, «Нұршашу» үлгілі камералық оркестрі, «Жас толқын» үлгілі синтизатор  ансамблі, «Аллегро» үлгілі скрипкашылар  ансамблдері.

          Жасөспірімдер мен жастардың қызығушылығын арттыру  мақсатында  қалалық мәдениет үйінде  «Үкілі ару», «Грация» би, домбыра, қолөнер және көркем сурет жалпы 6 тегін үйірме жұмыс істеуде. Үйірмеге  қатысушылардың саны 131 адамды құрайды. Бұдан бөлек Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысына тоқталар болсақ, облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының тапсырмасына сәйкес көшелердегі  аншлагтарды  жаңа үлгіге сәйкес  ауыстыру  бойынша  бірқатар жұмыстар атқарып жатыр екен. Атап айтқанда, 2018 жылы – 226 көшенің аншлагы ауысса, ағымдағы жылы 386 көшенің аншлагтарын ауыстыруға  қалалық бюджеттен 20 миллион теңге  бөлініп,  қазіргі таңда «Kaz in Capital»  ЖШС тарапынан ауыстыру  жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысы мұнымен шектелмейді, әрине, дей тұрғанмен мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға жасаған қысқаша шолуымыз осындай деректерді құрап отыр. Бұл туралы алдағы уақыттарда жыл қорытындысы бойынша толығырақ жазылатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close