Басты бетЖаңалықтарҚоғам

21 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, шығыста кей жерлерде – жаяу борасын, көктайғақ. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу борасын соғады, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.


Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close