Басты бетЖаңалықтарСаясат

Жастар Жолдауды қолдайды

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында Шақпақата ауылында орналасқан орталық кітапханада округ әкімшілігі аппаратының бас мамандарының және аймақтың белсенді жастарының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тұңғыш Жолдауында заман талабына сай тиімді мемлекет құрудың бес міндетін атап көрсеткен болатын. Дөңгелек үстелге қатысушылар Жолдауда міндеттелген барлық бағыттарды айшықтап, әркім өз саласы бойынша жеке-жеке тоқталып өтті. Дөңгелек үстел отырысын Шақпақата кітапханашысы Ж.Боранқұл мен Шақпақата мәдениет үйінің маманы А.Шәріпқызы ашып жүргізіп отырды. Алғашқы сөзді Шақпақ ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Е.Сыдағалиевке берді. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында елімізде түрлі шаралар қолға алынуда. Біз билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату негізінде ғана мемлекет ісі алға басатынын ескеруіміз қажет. Жолдауда айтылған қоғамдық диалогтың мақсаты — биліктің жоғары деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел жауап беру деп ойлаймыз, – деді Е.Сыдығалиев өз сөзінде.
Бүгінгі таңда округтің жастарының басым көпшілігі жұмыспен қамтылған. Жолдауында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейге көтеру керектігін айтқан болатын. Сондықтан Үкімет келесі жылдан бастап аталған бағдарламаға 20 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлетін болады. Мұның барлығы ауылдың әлеуетін жақсартуға бағытталған шаралар, – деген пікір білдірді «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа кірген Ж.Байсакова.
Бүгінде кәсібін ашып – нәсіп көріп отырғандар біршама. Шағын бизнес болса да еліміздің экономикасына зор үлестерін қосып келе жатқаны даусыз. Енді Президент тапсырмасы бойынша осы бизнес иелері салық төлеуден 3 жылға дейін босатылады. Бұл жас кәсіпкерлердің алға қарай игерілеуіне сүбелі үлесін қосары анық бұған жас кәсіпкер ретінде қуанышым шексіз деп ізгі ойын білдірді Р.Аубакиров.
Жиын барысында Шақпақата мәдениет үйінің маманы А.Шәріпқызы да Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауындағы басымдылық берілген салалардың бірі – мәдениет саласына тоқталғанды жөн көрдім деп бастады. Адамзатты рухани байытатын әлемді қолдау елдің болашағына үлкен әсерін тигізеді. Басшымыздың тапсырмасымен осы саладағы мамандардың еңбекақысы көтеріліп, кітапхана, музей, театрларда қызметкерлеріне аса назар аудартылатын болады деп сөзін тамандады.
Жиын соңында, қатысушылар еліміздің әрбір азаматы бар-күш жігерін Президент Жолдауында белгілеген міндеттерді іске асыруға жұмсау керек деген қорытындыға келді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close